20.06.2025, 12:43 94726

Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда

Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірде жаңа су құрылыстарын салу бойынша жобалар белсенді іске асырылуда. Қазірдің өзінде "Бәйдібек ата" су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ "Боралдай" жобасының жұмысы басталды. Осы жобалар аяқталғаннан кейін "Бөген" су қоймасына қосымша 113 млн м3 су жіберіледі деп күтілуде, бұл суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуді айтарлықтай арттырады.

Сонымен қатар өңірде Ордабасы мен Сауран аудандарында қосымша су қоймалары іске қосылады, бұл тәулігіне 194 м3 дейін су беруге мүмкіндік береді.

Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектарға, өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға артық егілді. Оның ішінде, суармалы алқап 552,0 мың гектарды құрайды. Егістікке қажетті ағын су көлемі фермерлердің сұранысына сәйкес бөлінеді. Вегетациялық маусым басталды және қалыпты деңгейде өтіп жатыр", - деп атап өтті Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны