10.07.2025, 13:51 60826

Тамыз айында Алматы-Минск бағытында жаңа халықаралық бағыт іске қосалады

Тамыз айында Алматы-Минск бағытында жаңа халықаралық бағыт іске қосалады
Ағымдағы жылдың 10 тамызынан бастап "SCAT" қазақстандық әуе компаниясы Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта Минскіге рейстерді Астана қаласынан Беларусь "Белавиа" әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен орындайды.

Осылайша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына 6 рейске дейін артады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны