27.09.2016, 12:07 7182

Тәуелсіздіктіӊ 25 жылында Алматыда салынған 7 ірі ғимарат

Қазақстанда Тәуелсіздіктіӊ 25 жылында сәулетімен тамсандырған көптеген ғимараттар мен әсем құрылыс кешендері салынды. Kazakhstan Today осы жылдары Алматыда бой көтерген 7 ірі ғимаратты таныстырады.

Алматы. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда Тәуелсіздіктіӊ 25 жылында сәулетімен тамсандырған көптеген ғимараттар мен әсем құрылыс кешендері салынды. Kazakhstan Today осы жылдары Алматыда бой көтерген 7 ірі ғимаратты таныстырады.

Тәуелсіздік жылдарында Алматыда салынған ірі ғимараттардыӊ тізіміндегі бірінші орында Алматыдағы Орталық мешіт тұр. Қазақстандағы аса ірі әрі сәулетті мешіт Қазақстан Республикасыныӊ тұӊғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қолдауымен ашылған болатын.

Мешіт 7 мыӊ келушіні сыйғыза алады. Ауласыныӊ аумағы 0,95 гектарды құрайды. Тап-тұйнақтай газондар, ерекше күтімдегі гүлдер, орындықтар мен көше жарықтары, жапырақ жайған қарағаштармен және қысы-жазы жасыл түстен жазбайтын шыршалармен үйлесе ғибадатқа келушілердіӊ көзін қуантып, аулаға өзгеше ыӊғайлылық сыйлайды.

Ауқымы мен әрлеудегі жеӊілдіктіӊ арқасында мешіттіӊ өн бойынан ұлылық пен қарапайымдық секілді бір-бірімен мүлдем қабыспайтын қасиеттерді тауып көруге болады.

Алматыға ұшып келген әрбір қонақ немесе туған жеріне қайта оралған қала тұрғыныныӊ көз алдынан асқақ Іле Алатауыныӊ фонында көркем панораманыӊ ажырамас бөлігі ретінде көрініс беретін Орталық мешіт сенім-нанымныӊ қуаты мен казақ халқыныӊ рухани дәстүрлерін олардыӊ жадына сала қарсы алатындай.

2011 жылдыӊ желтоқсан айында метроныӊ ашылуы тек Алматы тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл қазақстандықтар үшін атаулы оқиға болады. Метро құрылысы 1988 жылғы 7 қыркүйекте басталған болатын. Құрылыс жұмыстарыныӊ барысында оныӊ бірнеше үлгісі ұсынылды, оныӊ ішінде монорельс туралы да айтылған-тұғын. Метроныӊ бірінші тармағына жеті бекет қамтылады: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоӊыр", "Мұхтар Иуезов атындағы драма театры", "Алатау".

"Сайран" және "Мәскеу" атты жаӊа метро бекеттері 2015 жылғы көктемде пайдалануға берілді. Алатау бекетінен Қалқаман ауылына және жаӊа автобекетке дейін созылатын метроныӊ бірінші тармағыныӊ екінші кезегініӊ құрылыс жұмыстары одан әрі жалғасын табуда. Қазір күн сайын 40 мыӊдай жүргінші көліктіӊ осы түрін тұтынады. Алматы метросы Қазақстандағы алғашқы және Орталық Азиядағы екінші осындай нысанға жатады. Мұндай жаӊа технологияны іске қосу Алматыдағы қоғамдық көлікті жаӊғырту мақсатына қосылған аса маӊызды үлес болып табылады.

Елордасы күнін мерекелеу қарсаӊында Алматыда 2016 жылғы 5 шілдеде 2017 жылы өтетін Универсиаданыӊ басты нысандарыныӊ бірі - Мұз сарайыныӊ құрылысы аяқталды. Бұл Қазақстандағы еӊ ірі спорттық нысан болып табылады, оныӊ біруақыттағы сыйымдылығы 12 мыӊ адамға жетеді.

2017 жылы өтетін Универсиаданыӊ басты нысандарыныӊ бірі - Мұз сарайы әмбебап мұз аренасы, көрермендерге арналған орындары және шайбалы хоккей, мұзда мәнерлеп сырғанау, шорт-трек секілді спорт түрлерінен сайыстар мен оқу-жаттығу үдерістерін, сондай-ақ, көпшілік ойын-сауық іс-шаралары мен бұқаралық мұз сырғанақтарын өткізуге арналған орындары бар спорт нысаны болып табылады. Кешен 12 мыӊ орынға есептелген әмбебап мұз аренасы, денешынықтыру-сауықтыру кешені бар жаттығу мұз айдыны және жүзу бассейні бар үш блоктан тұрады. Бүгінгі күні бұл ТМД аумағындағы еӊ ірі мұз сарайы және ауқымы жағынан екінші орындағы спорт кешені болып табылады.

Алдағы Универсиадаға орай "Халық арена" атты тағы да бір мұз сарайы салынған. 3 мыӊ көрерменге арналған спорттық нысан алда өтетін 28-ші Бүкілдүниежүзілік қысқы Универсиаданыӊ басты нысандарыныӊ бірі, онда хоккей сайыстары өткізілетін болады.

Мұз сарайы Алматы қаласыныӊ Медеу ауданында, Құлжа күре жолы мен Шығыс айналма жолдыӊ қиылысында 11 гектар аумақта орналасқан. Құрылыс кезінде негізінен қазақстандық құрылыс материалдары, оныӊ ішінде қуат үнемдегіш әйнектер пайдаланылған, тек нысанныӊ шатыры ғана Германияда өндірілген арнаулы болат төсемнен жасалған. Тұтастай алғанда, құрылыстағы қазақстандық қамтым үлесі - шамамен 60%. Мұз сарайы бас, көмекші және әкімшілік деген үш блоктан құралған. Ғимараттыӊ арқау-негізін шайбалы хоккейге арналған аумағы 61Х30 метрлік арена құрайды. Мұнда спортшыларға, төрешілерге, БАҚ өкілдеріне және допинг бақылауына арналған жағдайлардыӊ барлығы жасалған.

Тәуелсіздік жылдарында Алматыда бой көтерген көрікті орындардыӊ тізіміне "Сұӊқар" халықаралық шаӊғы трамплиндері кешені де қамтылады.

Халықаралық шаӊғы трамплиндері кешені Алматыныӊ оӊтүстік бөлігінде, Есентай өзенінен батысқа, Иль-Фараби даӊғылынан оӊтүстікке қарай орналасқан. Жаӊа нысан бұрынғы трамплин орнына тұрғызылған. Онда бүгінгі күнге дейін 12 елден келген спортшылар қатысқан құрлықтық кубок, сондай-ақ, 7-ші Қысқы Азия ойындары шеӊберінде К-125 және К-95 санатына жататын жарыстар өткізілді. Трамплин қыста да, жазда да жұмыс істейді, бұл тұрғыда әлемде оған балама табыла қоюы екіталай. Бұл құрамдастырылған трамплин, онда жасанды жабынаннан да, қардан да секіруге болады. Бүгінгі жағдаймен кешен толығымен емес, тек трамплиндер ғана пайдалануға берілген. Еӊ алдымен 7-ші Қысқы Азия ойындарын өткізуге қажеттініӊ барлығы салынған. Оған халықаралық сыныпты екі трамплин жатады. К-95 санатты бөлігі финдік құрал-жабдықпен жарақтандырылған. Дүниежүзінде ондай 300 ғана нысан бар. Ал К-125 - дүниежүзі бойынша саусақпен санарлық болып саналатын, эксперименттік, неміс құрал-жабдығымен жарақтандырылған үлкен трамплин. Бұған қоса төрешілер блогы, канатты жол, қар жаудыру, жаӊбыр жаудыру, жарықтандыру жүйелері, 5 мыӊ орынға есептелген трибуналары бар көпфункциялы ғимарат, жер асты көлік тұрағы, медиа орталығы бар.

Тәуелсіздік жылдарында қалада салынған спорт нысандарыныӊ арасынан атлеттер ауылын да атамауға болмайды. Кешен 2017 жылы өтетін Универсиадаға орай дайындалуда. "Атлеттер ауылы" 8, 9 және 14 қабатты тұрғын үй блоктарынан, орталық алаӊнан, 800 орынға арналған асханадан, бассейннен, медицина орталығынан, кинотеатрдан және тұрмыстық қызмет көрсету орнынан құралатын болады. Бұған қоса Универсиадаға қатысушыларға ыӊғайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін екі қабатты платформа салу жоспарланып отыр. Мұнда спорт сайыстары кезінде 5000 спортшы өмір сүре алады.

Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ атындағы саябақ ресми түрде ашылған сәттен бастап қала тұрғындарыныӊ бос уақытын өткізетін сүйікті орындарыныӊ біріне және ауқымды ойын-сауықтар мен мерекелерді өткізетін орталыққа айналды. Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ атындағы саябақты құру жұмыстары 2001 жылы басталды. Сол кезде саябаққа арналып қоршауға алынған 73 гектар аумақта алғашқы ағаштар отырғызылып, аллеялар мен гүлзарлар жасақталды. Бұл жерде ұзақ уақыт бойы жабық аумақ болған. Саябақ 2011 жылғы шілдеде келушілерге өз есігін айқара ашты және қала тұрғындары мен қонақтарыныӊ бос уақытын өткізетін сүйікті орындарыныӊ біріне айналды. Қазір мұнда 3 мыӊ қылқан жапырақты ағаш, 9 мыӊ жапырақты ағаш, 400 мыӊға жуық бұта мен тал-шілік егілген. Ал оныӊ еӊ көрікті әрі танымал бөлігі - бүтін бір кешеннен тұратын билеуші субұрқақ болып табылады. Ол түрлі деӊгейге көтерілген бес шеӊберден тұрады. Сондай-ақ, орталық аллеялардыӊ бірінен алып еменді көруге болады. Бұл ағашты сонау 2001 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ өзі осы жер бос жатқан кезде отырғызған болатын. Жасанды үстіртке салынған шолу алаӊынан бүкіл саябақ бар сұлулылығымен көзге түсетінін де айтпай кетпеске болмайды.

Алматы - Қазақстан Республикасыныӊ оӊтүстік-шығысында, Іле Алатауыныӊ бөктерінде орналасқан Қазақстандағы еӊ үлкен қала. Қала халқыныӊ саны 1,7 миллионнан асып жығылады. Бүгінгі Алматы - Орталық Азияныӊ қаржылық, экономикалық және мәдени орталығы.

Мұнда сансыз көп іскерлік орталықтары, театрлар, мұражайлар, көркемсурет галереялары, көрме залдары мен сан жеткісіз заманауи ойын-сауық кешендері (кинотеатрлар, түнгі клубтар, саябақтар, мейрамханалар, кафелер мен тағы басқалары ) шоғырланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны