02.07.2025, 15:44 39066

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көші қон саласындағы бақылауды күшейтуді тапсырды

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көші қон саласындағы бақылауды күшейтуді тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер қарастырылып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, сондай-ақ Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің ақпараты тыңдалды.

Мемлекет басшысы көші-қон саясатын іске асыруда геосаяси факторлар мен сын-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін есепке алудың маңызына тоқталды.

Президент заңсыз көші-қонды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берілді, соның ішінде мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттеріне сараптама жасау мен қайта қарау және көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйені интеграциялау ісін күшейту міндеті жүктелді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны