26.11.2022, 12:14 13201

Тоқаев Қазақстан Президенті қызметіне кірісті

Тоқаев Қазақстан Президенті қызметіне кірісті
Астана. 26 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
 

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Естеріңізге сала кетейік, сайлаушылардың 81,31% дауысын жинап, Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік сайлауда жеңіске жетті. ҚР Президенті лауазымына барлығы алты адам үміткер болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны