09.03.2023, 12:57 27016

Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Өңірде Президент мұнай-газ және машина жасау өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысымен танысады
Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Сурет: Telegram/aqorda_resmi
Орал. 9 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі мұнай-газ және машина жасау өнеркәсібімен танысып, әлеуметтік-мәдени нысандарға барады деп жоспарланып отыр.
 
09.03.2023, 15.00 толықтырылды
 
Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" акционерлік қоғамына барып, зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Зауыт басшысы кәсіпорынның мұнай мен газ, күрделі металл конструкцияларын өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарумен айналысатынын баяндады.
 

Компания - General Electric компаниясының газ турбинасы бойынша стратегиялық серіктесі", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

 
Зауыт аумағында "Baker Hughes General Electric Company" сертификаттаған және BHGE мамандарының ұсыныстарына сәйкес заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ зауыт ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін Fregat себелеп суаратын машиналар өндірісін дамыту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
 
Кәсіпорын жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, өндіріс орны мұнай-газ және энергетика салаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтар шығарады, сондықтан бұл салаларда отандық машина жасау өнімдерінің үлесін арттыру маңызды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны