Тоқаев Мирзиёевті Өзбекстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
тақырып бойынша жаңалықтар
СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты
- "ЗИКСТО" АҚ өнім шығаруды бірден 3,5 есеге арттырып, 75,4 млрд теңгенің нәтижесін көрсетті.
- "Мұнаймаш" АҚ зауыты ширекке жуық өсім көрсетіп (+26,7%), шамамен 2 млрд теңгенің жабдығын өндірді.
- Өңірдің басқа да флагмандары - С.М. Киров атындағы зауыт пен Alageum Electric тұрақты жұмыс істеп тұр.
- Дәстүрлі дәнді дақылдарға 2,9 млн гектар бөлінді. Бұл егіс құрылымын әртараптандыру аясында былтырғы деңгейден 100 мың гектарға аз.
- Екінші жыл қатарынан 1 млн гектар жер нарықта сұранысқа ие және жергілікті қайта өңдеуге жіберілетін майлы дақылдарға, яғни рапс, зығыр және күнбағысқа бөлінді.
- Мал азығы дақылдарының алқабы 405 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Бұл кейіннен мал бордақылауда және ет пен сүт бағасының тұрақты болуында маңызды рөл атқарады.
- Картопқа 8,6 мың гектар, көкөніске 1,4 мың гектар жер бөлінді. Былтыр картоп өнімділігі 172,3 ц/га, ал көкөніс өнімділігі рекордтық 354,8 ц/га болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент тапсырмаларын орындау: Олжас Бектенов Qyzyljar АЭА-да инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты
Nord Panels" ЖШС атқарушы директоры Айваз Бакиров бұрын пайдаланылмай тұрған ғимаратты реконструкциялауға, инфрақұрылым жүргізуге және ламинатталған фанер мен ағаш-жаңқалы тақталар (АЖТ) өндіретін жоғары технологиялық желілерді іске қосуға шамамен 11 млрд теңге инвестиция салынғанын хабарлады. Зауыт іске қосылған 2024 жылдан бері 300 жаңа жұмыс орны ашылды, жобалық қуаты жылына 50 мың м3 дайын фанер өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын республика бойынша импортты алмастырудың 15%-ға дейінгі үлесін қамтамасыз етіп отыр және өнімдерін ЕАЭО және Еуропалық Одақ елдеріне белсенді түрде экспорттауда. Сонымен қатар отын пеллеттері, престелген поддондар мен медициналық таяқшалар шығару бойынша желілерді іске қосу есебінен өндірісті кеңейтеді.
KazCrane Engineering" ЖШС-нің жүк көтергіш-көлік жабдықтарын өндіру жобасы бойынша серіктесі - "Уралкран" ЖШҚ бас директоры Сергей Кравчук кәсіпорында жүк көтергіштігі 500 тоннаға дейінгі көпірлі және кран-эстакадалы крандар шығару жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Өндірістік қуаты жылына 150 бірлік өнімге дейін жетеді. Қазіргі уақытта нысанның құрылыс дайындығы 90%-ды құрайды, іске қосу 2026 жылғы қыркүйек-қазан айларына жоспарланған.
Eco Glade" ЖШС директоры Екатерина Асаенок толық циклді саңырауқұлақ өсіру фабрикасы 2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілгенін хабарлады. Бұл жоба ауыл шаруашылығын әртараптандыру және агроөнімдерді қайта өңдеу үлесін арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылған. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 11,3 млрд теңгені құрайды. Жобалық қуаттылық жылына 2,4 мың тонна agaricus түріндегі дайын саңырауқұлақ өнімін және 4 мың тонна компост шығаруға жетеді. Фермада сондай-ақ өңделген өнімдер - консервіленген және мұздатылған жартылай фабрикаттар шығару жоспарлануда.
Бейкертон" ЖШС бас директоры Марина Баяндинаның айтуынша, нан-тоқаш өнімдерін шығару жобасына инвестициялардың жалпы көлемі 37,3 млрд теңгені құрайды. Оны жүзеге асыру шамамен 380 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 15 мың тонна өнімге жетеді. Бүгінгі таңда нысанның құрылысы толық аяқталып, жетекші еуропалық өндірушілердің заманауи технологиялық жабдықтары орнатылған. Кәсіпорынды іске қосу 2026 жылдың шілде айына жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Норвегияның Хельсинки комитеті Қазақстанның жаңа Конституциясын оң бағалады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Конституциялық реформа: негізгі заңдарға түсіндірме
Қазақстан Республикасының Президенті туралы" заң
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" конституциялық заң
Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" заң
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" конституциялық заңы өңірлердегі тұрғындардың өміріне тікелей әсер ететін негізгі мәселелерді - елді мекендердің мәртебесінен бастап ресурстарды бөлу мен инфрақұрылымды дамытуға дейінгі бағыттарды қамтиды.
Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заң
Қазақстан Халық Кеңесі туралы" конституциялық заң
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуын және облыстық аурухананың құрылысын тексерді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының басым бағыты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саланың қарқынды дамуына ерекше назар аударып, оның ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудағы маңыздылығын, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін және экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз етудегі рөлін үнемі ерекше атап көрсетіп келеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Соңғы екі жылда жергілікті атқарушы органдар 9,1 млрд теңге сомасына шамамен 600 ветеринариялық нысан салды. Мемлекеттік ветеринариялық зертханаларды қосымша жарақтандыру жұмыстары жалғасуда. Республикалық бюджеттен берілетін жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде инфрақұрылымды дамытуға 66,2 млрд теңге бөлінді. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесі елеулі жетістікке әкелді - Қазақстан ресми түрде аусылдан таза ел мәртебесіне ие болды. Бұл мәртебе отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді", - деп баяндады Айдарбек Сапаров.
Кеңес жұмысына бизнес пен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысып отырғанын пайдаланып, мына мәселеге тағы да назар аударғым келеді: ірі шаруашылықтар жыл бойғы жұмыспен қамтуды тұрақты жолға қоюы тиіс. Бұл - сіздерге қойылатын негізгі талаптардың бірі. Мемлекет қажетті қолдауды көрсетуде, бірақ ірі бизнес тарапынан да бірінші кезекте жыл бойғы жұмыспен қамту жөнінде қарсы міндеттемелер күтеді. Ашығын айтайын, егер осы бағытта тиісті шаралар қабылданбаса, біз сіздермен бірге бұдан әрі жұмыс істей алмаймыз, мұндай меншік иелерінен жер телімдерін кері қайтарып ала бастаймыз", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин шаруаларды қаржылай қолдау шаралары туралы баяндады. Биыл АӨК-ті дамытуға 1,2 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған, оның 750 млрд теңгесін егін егу және жинау жұмыстарына бағыттау жоспарлануда. Бүгінгі таңда фермерлер 573 млрд теңге қарыз алған, бұл шамамен 6,8 млн га егіс алқабын өңдеуге мүмкіндік берді. Оған қосымша "Даму" қоры 232 млрд теңгеге 1,7 мың кепілдік берді, соның арқасында аграршылар 273 млрд теңгеге несие ала алды.
Зенченко и К" шаруа қожалығының директоры Геннадий Зенченко фермерлік қоғамдастық мемлекеттің шаруаларды қолдау бойынша жүргізіп жатқан жұмысын оң бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, ағымдағы шешімдер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында қолдау тауып, жаңа инвестициялық жобаларға, заманауи өндірістерге және ауылдағы жұмыс орындарына айналуда.
Шаруалар қоғамдастығы атынан Мемлекет басшысына бүгінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға көңіл бөлініп жатқаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Жасалып отырған қолдау тетіктері бизнеске ұзақ мерзімді жобаларға сенімді инвестиция салуға, заманауи технологияларды енгізуге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда фермерлерге одан әрі даму үшін барлық қажетті жағдайлар мен құралдар бар. Сонымен бірге, мемлекеттік қолдау бизнестің берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудағы жоғары жауапкершілігін де көздейді", - деді Геннадий Зенченко.
Өсімдік шаруашылығы саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр, ал біздің міндетіміз - осы қарқынды сақтап, одан әрі арттыра түсу. Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және Экология министрліктері өңір әкімдіктерімен бірлесіп, әсіресе қуаңшылық қаупі бар аймақтарда егістіктерді сумен қамтамасыз ету жағдайын тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және өнімді сақтап қалу үшін жедел шаралар қабылдау керек. Барлық агротехнологиялық талаптар белгіленген ғылыми нормаларға қатаң сәйкес орындалуы тиіс. Минералды тыңайтқыштарды уақтылы енгізуді қамтамасыз ету қажет. Өсімдіктерді қорғау шараларын жүргізуге ерекше назар аудару керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Министр атап өткендей, Қазақстан аусылдан таза ел мәртебесіне ие болды. Біз алдағы уақытта да осындай мәртебеге сай болуымыз керек. Сонымен қатар мал шаруашылығының тұрақты дамуы ветеринариялық қауіпсіздік деңгейіне тікелей байланысты. Аурулардың алдын алу мен бақылаудың тиімді жүйесі болмаса, мал басының өсуін, өнімділікті арттыру және өнім сапасын жақсарту мүмкін емес. Осыған байланысты ішкі нарықтағы эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету өте маңызды", - деп атап өтті Премьер-министр.
Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясат тиімділік пен аграршылардың адалдық қағидаттарына негізделіп қалыптастырылады. Сонымен қатар әкімдіктер бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын тұрақты бақылауда ұстауы қажет. Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында аграрлық өндірістің барлық кезеңіне - егістіктен бастап сауда сөресіне дейін цифрлық құралдарды енгізу талап етіледі. Сондай-ақ ауыл-аймақта жайлы өмір сүруге жағдайлар жасау маңызды. Зенченко, Ералиев, Сауэр, Құрманқұлов шаруашылықтарының ауылдары секілді мысалдар елімізде аз емес, алайда олардың саны арта түсуі тиіс. Мемлекет олардың дамуын жан-жақты қолдап, ынталандыратын болады", - деп атап өтті Премьер-министр.
Дала мен орман өрттерінің қаупі күшейіп отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі Экология министрлігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп азаматтық қорғау қызметтері мен күштерінің жоғары әзірлігін қамтамасыз етуі қажет. Өрт сөндіру техникасының, байланыс жүйелерінің және жанар-жағармай қорының дайындық деңгейін тексеру керек. Сондай-ақ алдын алу шаралары аясында орман және дала алқаптарын, әсіресе елді мекендер мен егістік жерлерге жақын аумақтарды қураған шөптер мен өсімдік қалдықтарынан тазарту жұмыстарын жүргізу қажет", - деп тапсырды Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов Президенттің СҚО ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексеріп, шаруалармен кездесті
Бүгінгі таңда эпизоотиялық жағдай қолайлы болып отыр. Соңғы үш жылда біздің өңірде бруцеллез 12 есе азайды, қолайсыз пункттер 7 пунктке төмендеді деген ұйғарым алдық. Аурудың күрт өршу ошағы қысқарды. Бұл үшін барлық жағдайлар жасалған, биыл республикалық бюджеттен 57 ветеринариялық пункт пен 2 ветеринариялық станса салуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Ветеринариялық пункттердің құрылысы жеке қосалқы шаруашылықтар үшін ветеринариялық саулықты сақтауға елеулі қолдау болмақ, оларда ветеринариялық манипуляциялардың барлық спектрі жүргізіледі", - деп баяндады Марат Тасмағанбетов.
Қызылжар Жем" ЖШС қожалығының аумағында Премьер-министр егін егу жұмыстарының қорытындысымен танысып, дәнді дақылдардың ультраерте сұрпының алқабын тексерді. Кәсіпорын аралас ауыл шаруашылығын жүргізуге маманданған.
Президенттің тапсырмасы бойынша үшінші жыл қатарынан аграрлық секторға ауқымды қолдау көрсетілуде. Биыл өсімдік және мал шаруашылығы салаларын жалпы қаржыландыру көлемі 1 трлн 200 млрд теңгеге жетті. Нәтижесін көріп отырмыз: соңғы екі жылда жақсы өнім алынды. Бүгінде біздің астық әлемнің 70 еліне экспортталады. Қазақстан әлемдегі астық жеткізуші он елдің қатарына кіріп отыр. Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саланы дамытуға ерекше көңіл бөлуінің және фермерлердің күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз жұмысты одан әрі жалғастырамыз", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
"Кең дала-2" бағдарламасы бізге қолдау көрсетті. Бүгінде біз қаржыландыруды жоспарлауға мүмкіндік алдық, қаражаттың уақтылы түсуіне сенімділік бар - бұл өте жақсы мүмкіндік. Тыңайтқыштың уақытында келетінін немесе келмейтінін білмейтін уақыттар болды. Бүгінде біз тыңайтқыштарды тұрақты түрде алып отырмыз. Соңғы жылдары дизель отынына қатысты мәселелер шешілді, біз іс жүзінде ешқандай қиындық көріп отырған жоқпыз. Бұл үшін Президентке шынайы алғысымызды білдіреміз. Біздің міндетіміз - жақсы өнім алып, өңіріміздің дамуын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру. Сонымен қатар біздің механизаторлардың жалақысы қаладағы еңбекақы деңгейінен кем емес", - деді "СК Вагулинское" ЖШС директоры Виктор Редин.
Ақселеу" ЖШС директоры Серік Малаев егіс жұмыстарының жүргізілуінде мемлекеттік қолдау шараларының маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Шаруалар 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелерді, арзандатылған минералды тыңайтқыштарға қолжетімділікті және қажетті көлемдегі жанар-жағармай материалдарын уақтылы алды. Бұл барлық агротехнологиялық шараларды оңтайлы мерзімде және талаптарға сай жүргізуге мүмкіндік берді.Өндірістік үдерістерді цифрландырудың маңызына бөлек назар аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президенттің Астанадағы халықаралық форумда сөйлеген сөзінің толық мәтіні
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.06.2026, 10:50ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды 05.06.2026, 11:10 21881Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады05.06.2026, 16:15 12061Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда05.06.2026, 17:11 9596Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты05.06.2026, 17:52 8461Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін
29.05.2026, 20:02 116171Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті29.05.2026, 20:26 115416Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды29.05.2026, 21:20 115141Қазақстан мен Еуропалық Одақ әріптестікті тереңдетудің жаңа стратегиялық мақсаттарын айқындады29.05.2026, 14:51 115056Қазақстан Шаңхайда туристік әлеуетін таныстырды29.05.2026, 19:59 114566Қазақстан мен Ресей биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық консультациялар өткізді
13.05.2026, 07:10 289291Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 276986Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 250456Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243426Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 242796Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

