01.12.2022, 11:43 46686

Тоқаев Сқақовты Павлодар облысының әкімі қызметінен босатты

Тоқаев Сқақовты Павлодар облысының әкімі қызметінен босатты
Сурет: Instagram/skakov_abylkair
Олег Крук өңір әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды

Павлодар. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты Павлодар облысының әкімі қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын", - делінген Президенттің жарлығында.


Мемлекет басшысының Жарлығымен Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметін 2000 жылдан бері атқарып келеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны