04.10.2021, 18:01 15591

Тоқаев Жамбыл облысында вакцинация барысымен танысты

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды.
ТАРАЗ. 4 ҚАЗАН - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Бұл туралы Facebook-те Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
 

Сапар барысында Президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 
Қазіргі уақытта қазақстандық вакцинаны шығарумен екі алаң айналысады: Алматы облысындағы "Антиген" Ғылыми-өндірістік кәсіпорны және Жамбыл облысындағы OtarBioPharm ЖШС жанындағы Биофармацевтикалық зауыт.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны