Осы ретте еліміздің ірі авиациялық тораптарында инфрақұрылымдық жобалар кешенін іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Астана және Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталады, Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы қайта жаңғыртылады, сондай-ақ Ақтау әуежайының перронына күрделі жөндеу жүргізіледі", - деп атап өтті ол.
- Атырау әуежайының жаңа терминалын салу,
- Павлодар әуежайын реконструкциялау,
- Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлар құрылысын аяқтау,
- Арқалық әуежайын қалпына келтіру.
Бұдан бөлек, 2026 жылдың соңына дейін әуе компаниялары 9 жаңа әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл әуе паркін шамамен 118 бірлікке дейін ұлғайтып, әуе тасымалдарының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Өңірлердің көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету және туризмді дамыту мақсатында әлеуметтік маңызы бар 23 әуе бағыты бойынша субсидиялау бағдарламасы жалғасын табады", - деп түсіндірді Салтанат Томпиева.
Сонымен қатар 2026 жылы ICAO-мен бірлесе азаматтық авиацияның Бас жоспары әзірленіп, саланы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы дайындалады. Жалпы алғанда, аталған міндеттер кешенді және жүйелі сипатқа ие болып, қазіргі инфрақұрылымдық және реттеуші мәселелерді шешуге, сондай-ақ саланың ұзақ мерзімді дамуы үшін тұрақты жағдай қалыптастыруға бағытталған. Олардың жүзеге асуы әуе тасымалдарының сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, ұшу қауіпсіздігін күшейтуге және Қазақстанның аймақтық және халықаралық авиациялық жүйедегі рөлін нығайтуға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады сөзін ААК төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

