01.07.2025, 10:28 33976

Қырғызстаннан Қазақстанға өзендер арқылы 300 млн текше метрден астам су келді

Биыл сәуір айынан бүгінге дейін Қырғыз Республикасы Қазақстанға шамамен 304,3 млн текше метр су жіберді. Ал Шу және Талас өзендері арқылы осы уақытқа жоспарланған су беру көлемі 270,1 млн текше метр болатын, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қырғыз Республикасымен жасалған келісімдерге сәйкес, вегетациялық кезеңде Қазақстанға Жамбыл облысының диқандарын қамтамасыз ету үшін Шу және Талас өзендері арқылы 625 млн текше метр су келеді деп күтіліп отыр.

Бүгінде Жамбыл облысының шаруа қожалықтарына 231 млн текше метрден астам су берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 млн текше метрге артық. Жалпы 58 900 гектар егіс алқабы суарылды.

Өңірде суармалы суды тиімді пайдалану және әділ бөлу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Каналдар бойынша суды кезекпен беру кестесі бекітілді, диқандарға ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшу мен түнгі суару жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Фурманов айналма каналы мен Георгиев магистральдық каналында механикалық тазарту жұмыстары басталды", - деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны