Жыл ішінде жоспарға үш рет өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде ол "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы", "Инвестициялық қорлар туралы" және тағы да басқа 5 жаңа заң жобасымен толықтырылды. Сондай-ақ одан "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2026-2028 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2 жоба алынып тасталды. Кепілді трансферт туралы заң жобасын алып тастауға жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі әр үш жыл сайын өзгеруге жататындығы көрсетілген жаңа Бюджет кодексін қабылдау негіз болды. Жұмылдыру жөніндегі заң жобасын алып тастаудың себебі Премьер-Министрдің тапсырмасы болды, оған сәйкес Ұлттық экономика министрлігіне заң жобасын жаңа редакцияда әзірлеу және 2026 жылға арналған жоспарға енгізу тапсырылды", - деді ол.
Жалпы Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасын, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізу жоспарлануда. Осы орайда, келесі маңызды мәселені атап өткен жөн деп ойлаймын. Өткен жылы біз норма шығару қызметін жетілдіру бойынша, оның ішінде жоспарлау сапасын арттыру және мемлекеттік органдардың болжамды-талдамалық функциясын күшейтуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргіздік. Біріншіден, заңнамалық бастамаларды жүзеге асырудың "пакеттік қағидатына" қойылатын талаптар күшейтілді, олар енді Үкіметтің заң жобаларына ғана емес, сонымен қатар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына және түзетулерге де қолданылады. Енді заңнамалық бастамаларды жүзеге асыру үшін қажетті заңға тәуелді актілерді бір мезгілде әзірлеу барлық кезеңдерде және барлық заң жобалары бойынша міндетті. Бұл заң қабылданғанға дейін проблемалық мәселелерді алдын ала анықтап, пысықтауға және оны заңға тәуелді деңгейде - яғни заңның практикалық тұрғыдан сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді министр.
Үшіншіден, биылдан бастап мемлекеттік органдардың болжамды-талдау функцияларын арттырудың, тиісінше заңнаманың тұрақтылығын нығайтудың маңызды элементі - құқықтық мониторинг жүргізудің жаңа, салалық форматына көшу болды. Бұған дейін мониторинг дербес форматта, яғни әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша және заң техникасына басымдық беріле отырып жүргізілді, ал тұрақтылық тек заңнамалық актілер бойынша талданды. Бұл саланы құқықтық реттеудің жалпы "көрінісін" көруге және оның нақты тиімділігін бағалауға мүмкіндік бермеді. Енді салалық қағидаттың енгізілуімен белгілі бір саланы реттейтін заңдардан бастап жергілікті актілерге дейін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы талданады. "Өтпелі" талдау, оның ішінде толық саланың тұрақтылығын анықтау арқылы мемлекеттік органдардың норма шығару тәртібі артуда, бұл бюрократиядан арылту жағдайында аса маңызды. Қазіргі уақытта заңнаманың 80 саласына талдау жүргізілді, олардың нәтижелері жалпы алғанда талдамалық және болжамдық функциялардың күшею бағытындағы оң барысын көрсетеді", - деді әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

