18.06.2026, 10:18 496
Алматы облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы 251 млн теңгеден астам субсидия жымқырылған
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Алматы облысында субсидияларды жымқыру және жалған шот-фактуралар жазып беру фактілері бойынша сот үкімі шығарылды.
ҚМА ақпаратына сәйкес, "БАҒДАУЛЕТ и ПК" АӨК және "АМАНТАУ-2023" АӨК басшысы екі жыл бойы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында субсидияларды заңсыз алып отырған.
Ауыл шаруашылығы басқармасына шикі сүт сатып алу, сондай-ақ сары май мен қатты ірімшік өндіру және өткізу туралы жалған мәліметтер ұсынылған. Жалған құжаттардың негізінде бюджеттен 251 млн теңгеден астам субсидия заңсыз төленген. Алайда кооперативтерде көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік қуаттар, жабдықтар, жұмысшылар және өзге де ресурстар болмаған.
Сонымен қатар тергеу барысында жалған мәмілелерді рәсімдеу және контрагенттердің салық жүктемесін жасанды түрде төмендету мақсатында пайдаланылған "ComputerService" ЖК арқылы жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру схемасы анықталды. Нәтижесінде бюджетке төленбеген салық сомасы 416 млн теңгеден асты.
Сот қылмыстық схемаға қатысқан екі адамды 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған "BMW" автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.06.2026, 18:51 12471
Зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдап соққан интернет-алаяқтары құрықталды
Достарға айту
Алматы қаласында зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдап соққан интернет-алаяқтары құрықталды, деп хабарлайды қала прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қылмыскерлер өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақша қаражатын бақыланатын шоттарға аударуға көндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.
Тергеп-тексеру барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен сараланып, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 18:42 12691
Елімізде "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді
Достарға айту
Елімізде "Заңсыз келуші" іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шетел азаматтарының ел аумағында болу қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында 8-12 маусым аралығында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара аясында, шетел азаматтарының тұрғылықты жерлері, құрылыс нысандары, базарлар, ұйымдар мен шетелдіктердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер тексерілді.
ЖПІШ қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзуға байланысты 13 035 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: - болу қағидаларын бұзғаны үшін 9 359 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды; - еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 3 828 шетел азаматы жауапқа тартылды; - шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 882 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды; - өздерінде тұрып жатқан шетелдіктер туралы полиция органдарын уақытылы хабардар етпегені үшін 2 794 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды.
Сот шешімімен көші-қон заңнамасын бұзған 1 559 адам ел аумағынан шығарылды. 1 836 шетел азаматының Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды. 122 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды. Олардың барлығына Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды. Сондай-ақ елге заңсыз кірген 14 шетел азаматы анықталды. Аталған фактілер бойынша шекара қызметімен бірлесіп тергеу жүргізіліп жатыр. Халықаралық іздеуде жүрген және өз мемлекеттерінің әділ сот органдарынан жасырынған 21 шетел азаматы ұсталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 10:39 15366
"Азық-түлік көкнәрі" деген желеумен есірткі сатқандар сотталды
Достарға айту
Павлодар қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымы және қылмыстық кірістерді заңдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Тергеп-тексеруді ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізді.
З.Ф. Алекперовтің есірткі заттары қосылған көкнәр тұқымдарын азық-түлік өнімі ретінде көрсетіп, заңсыз өткізуді ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық схемаға күдіктінің жақын туыстары да қатысқан. Олардың арасында жеткізу, сақтау, буып-түю және өткізу міндеттері бөлінген. Өнімдер басқа өңірден логистикалық компаниялар арқылы жеткізіліп отырған. Сату көкнәр тұқымы мен дәмдеуіштер ретінде жүзеге асырылған.
Тінту барысында есірткі заттары араластырылған көкнәр тұқымдарының буып-түйілген партиялары тәркіленді. Қаражат қолма-қол ақша түрінде де, банк аударымдары арқылы да қабылданған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы екі автокөлік сатып алып, оларды жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Сот үкімімен Алекперов пен оның екі сыбайласына 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді. Сондай-ақ құрамында есірткі заттары бар 321 келі көкнәр тұқымы жойылды. Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 10:11 15811
Қылмыстарды ашуда ДНҚ зерделеу өз нәтижелерін беруде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі бұрынғы қылмыстарды ашу бойынша жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстық істер зерделенді. Олардың көбі 1990 жылдары және 2000 жылдардың басында тіркелген. Бүгінде мұндай қылмыстар заманауи технологиялардың көмегімен ашылуда.
Министрлік базасында молекулалық-генетикалық зертхана жұмыс істейді. Әр сала бойынша цирфлық шешімдер қарқынды дамып келеді. Жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде биыл бұрын жасалған ондаған ауыр және аса ауыр қылмыс ашылды. Жинақталған айғақтар негізінде күдіктілер өз кінәларын мойындап жатыр. Мысалы, Павлодар және Қарағанды облыстарында өткен жылдардағы қылмыс санатынан адам өлтіру деректері ашылды.
ДНҚ-сараптамасы негізгі рөл атқарды. Қазір қылмыскерлер сот шешімін күтіп отыр. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу ерекше бақылауда", - деді ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеев.
Әрбір ашылған қылмыс - әділдіктің айғағы, жазаның бұлтартпастығы қағидатының айқын орындалуы. Уақыт қылмыскерлерге қорған емес. Заңды өрескел бұзған әрбір адам ерте ме, кеш пе анықталып, жауапқа тартылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 19:05 19326
2 млрд теңгеден астам заңсыз табыс: Kizdar.net ұйымдастырушылары ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен "Kizdar.net" интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.
Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды.
Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 13:26 20166
Алматыда заңсыз көші-қон арналарының жолы кесілді
Достарға айту
Алматы қаласында көші-қон заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған "Келімсек-2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бес күнге созылған іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 1 176 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 225 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Атап айтқанда, мегаполис аумағында болу қағидаларын бұзған 830 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар шақырған азаматтарының Қазақстан аумағында заңды түрде болуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамаған 273 қабылдаушы тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған 73 жұмыс беруші анықталды. Іс-шара барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген үш шетел азаматы анықталып, ұсталды. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге ерекше назар аударылды. Аталған фактілер бойынша шетел азаматтарының заңсыз келуі мен болуын ұйымдастыру деректері бойынша үш қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ бұған дейін сот шешімімен ел аумағынан шығарылған 57 шетел азаматын өз мемлекеттеріне мәжбүрлі түрде қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтың айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі әрі профилактикалық сипатқа ие.
Біздің негізгі мақсатымыз - құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, көші-қон саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл - ең алдымен қоғамдық қауіпсіздік, тиімді бақылау және заң талаптарының баршаға бірдей сақталуы мәселесі. Біз заң бұзушыларды ғана емес, олардың елімізде заңсыз болуына ықпал ететін тұлғаларды да анықтап, жауапкершілікке тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Олардың қатарында қабылдаушы тараптар да, жұмыс берушілер де бар", - деді Еркін Амантаев.
Оның айтуынша, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу көші-қон қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Мұндай әрбір дерек жай ғана әкімшілік құқық бұзушылық емес, қоғамдық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатердің белгісі. Сондықтан біз заңсыз көші-қон схемаларының жолын түбегейлі кесіп, кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке дейін тарту қағидатын ұстанамыз", - деп түйіндеді спикер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2026, 09:16 33886
ҚР ІІМ: Киевте есірткі бизнесі үшін есірткі жасырушыларды тартумен айналысқан call-орталықтардың желісі жойылды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясымен және екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп, халықаралық қылмыстық топтардың call-орталықтарын жою бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
28 мамырда Киев қаласында Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық ұйымға тиесілі call-орталықтардың қызметі тоқтатылды. Тергеу барысында бұл орталықтардың адамдарды есірткі бизнесіне тарту үшін пайдаланылғаны анықталды. Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған", - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Арнайы операция нәтижесінде 11 адам ұсталды. Олардың арасында ұйымдастырушылар, операторлар және адамдарды заңсыз жұмысқа тартумен айналысқан қызметкерлер бар. Тоғыз мекенжайда тінту жүргізіліп, шамамен 40 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро, Range Rover автокөлігі, 18 ұялы телефон, 12 ноутбук пен планшет тәркіленді.
Қазір тәркіленген техникадағы мәліметтер зерттеліп жатыр. Сонымен қатар ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, қаржылық тергеу жүргізілуде", - деді спикер.
Бұл call-орталықтардың жабылуы Қазақстан азаматтарын есірткі қылмыстарына тарту фактілерін азайтып, халықаралық есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды жауапқа тартуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2026, 13:59 74466
Қазақстан мен Грузия ІІМ келіссөздерінен кейін Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды
Достарға айту
Қазақстан мен Грузия Ішкі істер министрліктерінің Тбилисидегі келіссөздерінен кейін синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан мен Грузияның ішкі істер органдары халықаралық іздестіру және трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бағытындағы практикалық ынтымақтастықты күшейтуді жалғастыруда.
Еске салсақ, ақпанда Астанада Қазақстан мен Грузия ІІМ басшыларының кездесуі өтіп, тараптар ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және халықаралық іздеудегі қылмыскерлерге қарсы күрестегі үйлестіруді күшейтуге келіскен болатын.
Жуырда Қазақстан ІІМ басшысы Ержан Сәденов жұмыс сапарымен Тбилисиге барып, Грузия ІІМ министрі Сулхан Тамазашвилимен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің қабылдауында болды.
Ынтымақтастықтың жандануы аясында бірлескен жұмыстың нақты нәтижелері де бар.
Атап айтқанда, 2026 жылдың наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстан құқық қорғау органдары іздеген 15 адам ұсталды.
Олардың қатарында синтетикалық есірткі өндіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген ерлі-зайыпты да бар.
Қазақстан ІІМ сұрауы бойынша Тбилисиде мефедрон өндіруді ұйымдастырды деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды.
Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысында арнайы жабдықталған есірткі зертханасында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырып, химиктің рөлін атқарған.
Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген оның жұбайы да қолға түсті.
Тергеу барысында оның Алматы және Қарағанды облыстарындағы синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қылмыстық әрекеттердің қаржылық сүйемелдеуіне жауап бергені анықталды.
Қазіргі уақытта ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.06.2026, 09:58Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Мажарстан Елшісін қабылдады 18.06.2026, 10:18 96Алматы облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы 251 млн теңгеден астам субсидия жымқырылған
12.06.2026, 20:00 132531Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 132036Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131341Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129351Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді128971Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251671Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237381Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207806ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194886Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194866Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

