14.11.2024, 10:39 40106
Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды
Достарға айту
Осы жылдың 8 қарашасында ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіріне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр "мефедрон" сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.12.2024, 17:42 126
Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын "Sim-Box" жабдығы тәркіленді
Достарға айту
Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын "Sim-Box" жабдығы тәркіленді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Алматы қаласының құқық қорғау органдары мен байланыс операторлары арасында жасалған меморандум шеңберінде прокуратураның үйлестіруімен "Киберпол" бөлімшесінің қызметкерлері "Sim-Box" жабдығын пайдалану фактісін анықтады.
Сәтбаев көшесіндегі офистердің бірінен күдіктіден 3 "Sim-Box" құрылғысы тәркіленді.
Жабдық слоттарынан қазақстандық және ресейлік ұялы байланыс операторларының 80-нен астам SIM-картасы табылды.
Sim-Box" жабдығын алаяқтар жаппай қоңыраулар шалу, хабарламалар тарату және абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланады.
Аталған факті бойынша абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚР ҚК-нің 213-бабы).
Бұл соңғы айдағы осындай құрал-жабдықтардың екінші рет анықталуы.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық сақтауға шақырады. Егер сізде осындай жабдықты қолдану туралы ақпарат болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Сондай-ақ жеке деректердің құпиялылығын сақтау қажеттігін еске саламыз: кіру кодтарын, парольдерді және банк карталарының деректемелерін бөгде адамдарға бермеңіз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.12.2024, 17:29 2181
Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді
Достарға айту
Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында полиция қызметкерлері жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқан азаматтарды ұстады.
Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2038 киік мүйізі, электронды таразылар және екі автокөлік тәркіленді.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.12.2024, 17:07 2536
Теміртау қаласында криптовалюта өндіру үшін арнайы жасалған есептеу құрылғыларының кешені орнатлған орын анықталды
Достарға айту
Күдіктінің Теміртау қаласындағы өндірістік база аумағында металл контейнерлерде криптовалюта өндіру үшін арнайы жасалған есептеу құрылғыларының кешенін орнатқаны анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен.
Тінту барысында объектіден 156 бірлік майнинг жабдықтары (ASIC) және басқа да қосалқы құрылғылар табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде.
Тергеу аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жариялануға жатпайды.
Ағымдағы жылдың басынан бері заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 11 фактісі анықталды, олардың қылмыстық табысының жалпы сомасы 440 миллион теңгені құрады. Тергеу барысында 269 миллион теңге сомасында майнингтік жабдықтары тәркіленіп, 373 миллион теңге сомасында цифрлық активтер өндірілді.
Сотқа жіберілген екі қылмыстық іс бойынша жалпы қылмыстық табыс 216 миллион теңгені құрады. Осы істер шеңберінде 1,1 миллиард теңгелік мүлік пен 30 млн теңгеден астам цифрлық активтерге тәркіленді.
Айта кетейік, криптовалюта өндіру саласындағы заңсыз қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан төндіретін тәуекелдердің туындауына әкеп соғады, тұтынушылар мен кәсіпкерлерге электр энергиясын жеткізудің іркілу және тапшылық тәуекелдері артады.
Қаржылық мониторинг агенттігі аталған қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілгенін ескертеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.12.2024, 10:52 3216
Қазақстаннан спирттік ішімдіктер мен электрондық темекілерді заңсыз тасымалдау әрекеті тоқтатылды
Достарға айту
Қазақстаннан спирттік ішімдіктер мен электрондық темекілерді заңсыз тасымалдау әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.
2024 жылғы 1 желтоқсанда Маңғыстау облысы бойынша МКД "Тәжен" кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен және Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп спирттік ішімдіктер мен электрондық темекілерді заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті.
Осылайша, 1987 жылы туған Өзбекстан Республикасы азаматының багажындағы жолаушылар мен көлік ағынын бақылау барысында Бұхара - Мәскеу бағыты бойынша 22 қорап алкоголь (JACK DANIELS вискиі), әр қорапта 12 бөтелке (1 бөтелке - 1 л) және электронды темекі (WAKA) - 460 қорап (1 қорап - 10 дана) табылды.
Іс жүзінде тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалды.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2024, 18:24 31026
Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшелері 55 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Ол "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы 55 млн теңгеден астам қаражат алған деп күдіктелуде.
Спорттық жабдықтардың талаптарға сәйкес келмеуі, балалардың келуін есепке алудың бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және спорт секцияларына баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да бұзушылықтар анықталды.
Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде.
Сотпен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2024, 18:12 31256
Азаматтардың атына заңсыз несие рәсімдеген қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Достарға айту
Полиция азаматтардың атына алаяқтықпен несие рәсімдеген қылмыстық топтың қатысушыларын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қарашада Ақмола облыстық ПД өңір прокуратурасының бастамасымен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ақмолалық азаматтардың атына екінші деңгейдегі банктерден несие ресімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстау шарасын Көкшетау және Алматы қалаларында өткізді.
Барлығы жедел қызметкерлер қылмыстық топтың 5 мүшесін ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Жедел уәкілдердің айтуынша, бірнеше ай бойы төрт ақмолалық пен оңтүстік астананың тұрғыны негізінен ауылдық жерлерден адамдарды тауып, алдау жолымен олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеген. Сенімге қиянат жасаудан басқа, жәбірленушілерді Алматы қаласына әкетіп, жылдам табыс табуға уәде берген.
Бүгінгі таңда топтың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен 7 адам белгілі болды. Полицейлердің айтуынша, құрбандардың нақты саны әлі де анықталып жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тінту іс-шаралары кезінде қолма-қол ақшаны, травматикалық және суық қаруды, сондай-ақ телефондарды, флэш-карталарды және банктік келісімдерді тауып, тәркіледі. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Барлық бес қатысушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеп-тексеру аясында полиция қызметкерлері жәбірленуші азаматтардың санын және залалдың жалпы сомасын анықтап жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2024, 17:49 31526
Тергеушіге қызметі үшін шабуыл жасаған азаматтар сотталды
Сотта мемлекеттік айыптаушы шабуыл жасағандардың кінәсін толық дәлелдеді.
Достарға айту
Сот үкімімен билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін үш адам сотталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Құқық қорғау органының тергеушісі мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, компанияның активтерін бұғаттаған.
Оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында сотталған үш адам тергеушіге шабуыл жасауды ұйымдастырған.
Қылмыстық ниеттерін іске асыру барысында олар жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үйінің кіреберісінде оған шабуыл жасаған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы шабуыл жасағандардың кінәсін толық дәлелдеді.
Сот үкімімен шабуылдың ұйымдастырушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қалған екі қатысушы сәйкесінше 4 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2024, 17:42 33581
Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді
Достарға айту
Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінен заңсыз темекі өнімдерін сату фактісін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 47 мың қорапқа жуық акцизсіз өнім тәркіленді.
Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 50 миллион 274 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
02.12.2024, 10:21Мүгедектікті белгілеу бойынша 86 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды 02.12.2024, 17:25 4191Қостанайда есірткіге қарсы форум өтті02.12.2024, 10:52 3071Қазақстаннан спирттік ішімдіктер мен электрондық темекілерді заңсыз тасымалдау әрекеті тоқтатылды02.12.2024, 17:07 2391Теміртау қаласында криптовалюта өндіру үшін арнайы жасалған есептеу құрылғыларының кешені орнатлған орын анықталды02.12.2024, 17:29 2036Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді
28.11.2024, 18:20 84946Көкшетауда "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" атты республикалық форумы өтті28.11.2024, 18:17 82576Астанада энергетика саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы талқыланды28.11.2024, 12:58 81006Ұлттық Банк доллар бағамының күрт өсуіне байланысты түсініктеме берді25.11.2024, 16:24 72456Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады25.11.2024, 14:57 70961Бакуден Сианға Қазақстан арқылы алғашқы контейнерлік пойыз аттанды
22.11.2024, 14:04 134056Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 133841Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда08.11.2024, 13:42 116666Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады22.11.2024, 14:00 108426Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді07.11.2024, 17:05 101266Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды