15.10.2025, 12:19 81251

Қазақстанда 130 көлеңкелі криптовалюта биржасы жабылды

Қазақстанда 130 көлеңкелі криптовалюта биржасы жабылды
Сурет: Depositphotos
Қылмыскерлермен интернет-алаяқтық және есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 130 алаң жойылды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Тергеп-тексеру нәтижесінде 16,7 млн USDT-ке тыйым салынды.

Бұл механизм қалай жұмыс істейді?

Есірткі дүкендерінің" иелері мен киберқылмыскерлер ақшаны банк шоттарына, не криптовалюта түрінде айырбастау қызметін көрсететін әмияндарға аударады.


Одан әрі бұл қаражат конвертацияланып, қаржылық транзакциялар тізбегі арқылы ақшаның шыққан көзі жасырылады. Заңсыз табысты "тазарту" үшін арнайы ақы алынады.

Мұндай операциялар үшін көбіне дропперлердің банк карталары мен әмияндары пайдаланылады.

Осылайша, заңсыз криптоайырбастау платформалары көлеңкелі қаржы операцияларына белсенді қатысып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және шетелге шығару арқылы "кәсіби жылыстатушылар" ретінде әрекет етеді.

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға цифрлық активтерді айырбастау кезінде сенімді және жауапты тәсілмен әрекет ету қажеттігін ескертеді. Айырбас қызметтерін тек заң аясында жұмыс істейтін, ресми тіркелген және лицензияланған провайдерлер арқылы жүзеге асыру ұсынылады.

Лицензиясы бар криптобиржалардың тізімімен АХҚО-ның ресми сайтында танысуға болады.

Заңсыз схемаларға қатысу - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны