30.03.2026, 17:05 376
Қостанайда құрылыс компаниясының басшысы алаяқтық жасады деп айыпталып отыр
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті «Bolashak Construction Company KZ» ЖШС басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Тергеу амалдарына сай, күдікті 2022–2024 жылдар аралығында тиісті рұқсат құжаттарын алмай-ақ «Семья» тұрғын үй кешенінің үлестік құрылысына қатысу сылтауымен жеке тұлғалардың қаражатын тартуды ұйымдастырған.
Азаматтармен пәтерлер мен коммерциялық нысандарды алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалған. Жобаның заңды көрінісін қалыптастыру үшін әлеуметтік желілерде жарнама жүргізіліп, Қостанай қаласында кеңсе жалға алынған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде «Семья» тұрғын үй кешенінің үшінші кезегінің құрылысына 28 жеке және 1 заңды тұлғадан жалпы сомасы 162 млн теңгеден астам қаражат тартылған.
Алайда күдікті бұл қаражатты нысанды белгіленген мерзімде аяқтамай, өз қалауы бойынша жұмсаған. Қазіргі уақытта тұрғын үй кешенінің үшінші кезегінің құрылысы аяқталмаған.
Сот санкциясымен күдіктінің мүлкіне, оның ішінде Hyundai Santa Fe автокөлігіне, үш бөлмелі пәтеріне және жертөле коммерциялық үй-жайларына тыйым салынды.
Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҚМА ескертеді: Құрылысқа қатысу үшін қажетті рұқсат қағаздары мен кепілдіктерсіз қатысу қаржылық шығындарға ұшырау қаупін арттырады. Ақшаны инвестицияламас бұрын абай болуды, тексерілмеген құрылыс компанияларына сенбеуді және жүзеге асырылып жатқан жобалардың заңдылығына міндетті түрде көз жеткізуді ұсынамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.03.2026, 11:54 1061
Есірткімен күрес: жыл басынан бері қанша қылмыс тіркелді
Сурет: ҚР ҰҚК
Достарға айту
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күрес бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасының жолы кесілді, 5 жасырын зертхананың қызметі залалсыздандырылды.
Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде есірткіге қарсы 10 халықаралық операция жүргізілді.
Нәтижесінде шамамен 240 кг есірткі тәркіленді, оның ішінде 3,1 кг героин, 8 кг метамфетамин, 53,5 кг апиын, 74,2 кг гашиш, 80,9 кг марихуана және 19,3 кг психотроптық заттар, сондай-ақ 3 тоннадан астам прекурсорлар бар.
Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен 43 ҚР азаматы және 8 шетелдік ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 12:28 23576
Алматыда түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды
Достарға айту
Алматыда түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы түзету орталықтарының бірінің қызметкері тарапынан жасалған құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда.
Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2026, 13:03 37541
Таразда 13 жастағы қызды ұрламақ болған екі күдікті ұсталды
Достарға айту
Тараз қаласында мектеп оқушысын автобус аялдамасында ұрлап әкету дерегі тіркелді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, күдіктілер көп кешікпей қолға түсті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қылмыстық оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрдан екі ер адамның 13 жасар қызды күштеп көлікке кіргізуге оқталғанын байқауға болады. Осы сәтте сол маңнан өтіп бара жатқан адам көмекке келеді.
Полицияға екі белгісіз ер адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 18:14 50786
240 млн теңгеден астам сомаға жасалған кредиттік алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды
Достарға айту
Астана қаласының соты тұтынушылық және автонесиелеу саласындағы ауқымды алаяқтық схемасына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған қатысушылар 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Алаяқтар азаматтарға қолданыстағы тұтынушылық несиелерді "есептен шығару" қызметін ұсынған. Оның орнына жәбірленушілерге жаңа кредиттік шарттар, соның ішінде автонесиелер рәсімдеуді ұсынып, ай сайынғы төлемдерді өздері төлейміз деп уәде берген.
Бұл схеманың құрбандары әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар - табысы төмен тұлғалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болған. Қаржылық жағдайы қиын болғандықтан, жәбірленушілер қарыз жүктемесін жеңілдетуге үміттеніп, қаскөйлердің шарттарына келісуге мәжбүр болған.
Алайда берілген уәделер орындалмай, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 240 млн теңгеден асты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды кредиттерді жедел рәсімдеу туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауға және үшінші тұлғаларға жеке әрі қаржылық деректерін бермеуге шақырады.
Күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгіну қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 16:05 63306
Полиция Жетісуда баланы ұрып-соққан әйелді ұстады
Достарға айту
Мессенджерлерде "жүрегі әлсіздер қарамасын" деп жазылған жас баланың ұрып-соғылғаны көрсетілген бейнежазба таралып жатыр. Оқиға Панфилов ауданының Жаркент қаласында болған.
Жетісу облыстық полиция департаменті дереу тексеру басталғанын хабарлады.
Панфилов аудандық полиция қызметкерлері Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба фактісі бойынша тексеру жүргізді. 28 жастағы әйелдің кішкентай баласына дене жарақаттарын салғаны анықталды", - деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді, онымен тергеу амалдары өткізіліп жатыр, содан кейін ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында екі бала Отбасын қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсыныс жіберіледі", - деп қосты ведомство.
Атап өтілгендей, тергеу барысын Жетісу облыстық полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алған. Тергеу қорытындылары бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Балалардың жағдайы тұрақты, оларға психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Балалардың құқықтары жөніндегі аймақтық өкіл жайдайды бақылауына алған", - деп атап өтті ҚР Білім министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 13:02 63546
Алматы мектептеріндегі террористік акт туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - полиция
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының мектептеріне террористік шабуыл дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Аталған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді - фейк. Қазіргі уақытта қаладағы білім беру ұйымдарындағы ахуал толық бақылауда. Полиция және өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды", - деп хабарлады полициядан.
Сонымен қатар полиция жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталғанын мәлімдеді. Фейктің таралуына қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 12:52 63766
200 мыңның креслосы 20 млн-ға алынған: Шымкент университетіндегі іс сотқа өтті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар.
Күдіктілер тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе жасанды түрде қымбат бағамен сатып алынған,
жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан.
Байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат кейінен қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыстық қатысушылар арасында бөлінген.
Мысалы, осы схема аясында университет басшылығы нарықтық құны 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 млн теңгеге сатып алған.
Нақты жеткізілімдердің болмауын жасыру мақсатында күдіктілер тозған тауарлық-материалдық құндылықтарды балансынан формалды түрде есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды жалғастырған. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына келуі тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген.
Нәтижесінде мемлекетке 321 млн теңге көлемінде залал келтірілді.
Тергеу барысында күдіктілер 264 млн теңгені ерікті түрде өтеді.
Соттың санкциясымен олардың мүлкіне - 4 тұрғын үйге, 1 автокөлікке және банктік шоттардағы 40 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатқа тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 11:23 84431
ІІМ: "Қару" іс-шарасы аясында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның нәтижесінде:
- заңсыз айналымнан 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді;
- 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару;
- алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде, 70 атыс қару тәркіленді;
- ел тұрғындары, өз еркімен 35 қаруды өх еркімен полицияға тапсырды.
Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.03.2026, 09:13Бауыржан Артықов лауазымынан босатылды 30.03.2026, 10:04 3521Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті30.03.2026, 12:00 2791Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахтолық лагеріндегі жағдайға түсініктеме30.03.2026, 13:15 2056Алматы облысында жанжал барысында оқ атылды30.03.2026, 14:14 1491Жалған ақпарат пен діни арандатуға қатысты қатаң шаралар қабылданады - прокуратура
26.03.2026, 19:28 172176Болгарияның ең көне университетінде Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 20:42 172106Сан-Франциско қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 21:44 172096Сеулде Наурыз мерекесіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті26.03.2026, 22:47 172046Баку Наурыз мерекесін қазақы үлгіде кең көлемде атап өтті27.03.2026, 09:58 170716Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті
04.03.2026, 10:54 239231Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады17.03.2026, 17:12 223266Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 10:44 223186Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті16.03.2026, 19:22 223041Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 222781Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді

