20.06.2026, 14:54 486

Түркияда алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Түркияда алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Сурет: Depositphotos
Түркия Республикасынан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмыстарын жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.

Оны Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыруда ҚР ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстан Республикасының Елшілігі өзара іс-қимыл жасап, елеулі көмек көрсетті. Тергеу мәліметі бойынша күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген.

Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны