16.06.2026, 18:51 366

Зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдап соққан интернет-алаяқтары құрықталды

Алматы қаласында зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдап соққан интернет-алаяқтары құрықталды, деп хабарлайды қала прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қылмыскерлер өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақша қаражатын бақыланатын шоттарға аударуға көндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.

Тергеп-тексеру барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен сараланып, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны