02.08.2022, 16:11 18436

Ақмола облысында жылына 22 млн кірпіш өндіру жоспарлануда

КӨКШЕТАУ. 2 ТАМЫЗ - Ақмола облысының Бұлақ ауылдық округінде жылына 22 млн кірпіш шығару жоспарлануда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапары аясында Зеренді ауданының Бұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан "Керамикс КЗ" ЖШС жаңа кірпіш зауытының құрылысы орындарына барды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
 
Баспасөз қызметінің мәліметінше, нысан күзде пайдалануға беріледі. Кәсіпорын жылына 22 млн дана кірпіш шығаруды жоспарлап отыр.
 
Сонымен қатар, өңір басшысы өткен жылы ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілген ауылдағы мәдениет үйіне барды. Ауыл тұрғындарының бос уақытын өткізу үшін мұнда 210 орындық көрермен залы, кітапхана ұйымдастырылған, 7 үйірме жұмыс істейді. Биыл клубта сервистік әкімдікті орналастыру жобасы жүзеге асырылады.
 
Ермек Маржықпаев ауылдағы демалыс орталықтарының маңыздылығын атап өтті.
 

Ешқандай жағдайда мәдениет ошақтарын ұмытпау керек, әсіресе ауылдық жерлерде. Сонда жастар ауылда қалады", - деді облыс әкімі.

 
Бұдан кейін өңір басшысы Еленовка ауылындағы "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан көше–жол желісіне ағымдағы жөндеу жүргізу барысын тексерді. Асфальт жабынын төсеу жұмыстары аяқталды, жол жиектерін нығайту жұмыстары жүргізілуде.
 
Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықовтың айтуынша, көлік инфрақұрылымын жақсарту және дамыту бойынша 14 жоба жоспарланған, сондай-ақ Викторовка, Еленовка, Қарағай, Жаңаауыл, Чаглинка ауылдарында "Ауыл -Ел бесігі" бағдарламасы бойынша ауыспалы жобалар іске асырылуда.
 

Школьная көшесі және оған іргелес үш тұйық көше бойынша жөндеу жұмыстары толық аяқталды, белгілер салуға, жаяу жүргіншілер өтпелеріне, жол белгілерін орнатуға бюджеттік өтінім берілді", - деді Ә. Жақсылықов.

 
Сол күні Қарлыкөл ауылында өңір басшысы "Ақшабай" ЖШС-на барды. Кәсіпорынның 3 012 гектары бар, оның ішінде егістік – 2 219 гектар, жайылым – 793 гектар. Жұмыс барысымен директор Еркін Кәкімов таныстырды. Кәсіпорынның жұмысшыларына жағдай жасалған - 15 орындық жатақхана, асхана, монша.
 
Аралау қорытындысы бойынша аудан әкімдігіне және облыстық басқармалар басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
 
Бұған дейін Ақмола облысында кірпіш зауытының құрылысы аяқталғаны туралы хабарланған болатын.
 
Нашли ошибку в тексте?

Выделите ошибку и одновременно нажмите Ctrl + Enter


Если Вы располагаете информацией по теме данного материала, отправляйте нам видео или новости на почту.

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      Казахстанцы жалуются на плохое содержание спортивных объектов, в особенности высокогорного комплекса “Медеу”. Считаете ли вы, что “Медеу” и другие спортобъекты, которые переданы в управление частным компаниям, необходимо вернуть в госуправление?