01.04.2022, 18:02 17131

ҚР-да криптобиржалардың жұмысын қалай реттейтіні туралы ҚНРДА-да айтылды

ҚР-да криптобиржалардың жұмысын қалай реттейтіні туралы ҚНРДА-да айтылды
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 1 СӘУІР - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде криптобиржалар құру үшін реттеу талаптарын қалыптастыру туралы айтылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Агенттіктің деректері бойынша, қазіргі уақытта цифрлық активтермен байланысты КЖ/ТҚ жоғары тәуекелдері атап өтіледі. 
 

ФАТФ (Financial Action Task Force on Money-ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы. - Ескерт. KAZAKHSTAN TODAY) цифрлық активтер саласында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі реттеуді қамтамасыз ету шараларын қабылдауға кеңес береді", - деп хабарлады агенттікте.

 
Атап айтқанда, деректерді ағымдағы мониторингтеуді, сақтауды және күмәнді операциялар туралы хабарлар жіберуді, тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануды, сондай-ақ цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің қызметін лицензиялауды немесе тіркеуді қоса алғанда, клиенттерді тиісінше тексеруді жүзеге асыру кеңес береді.
 

Осыған байланысты, Агенттік № 188 қаулыға клиенттерді тиісінше тексергеннен кейін АХҚО криптобиржалары қатысушыларының пайдасына операциялар жүргізу мүмкіндігін көздейтін түзетулер әзірледі, АХҚО қатысушысының беделі мен қызметінің сипаты туралы, қаражаттың пайда болу көздері туралы мәліметтерді алу және белгілеу; АХҚО қатысушысының ақшасымен жүргізілген операцияларды мониторингтеуді және зерделеуді жүзеге асыру; бенефициар меншік иелерін анықтау; қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға күмәнді операциялар анықталған кезде қажетті ақпарат жіберу жөніндегі талаптар да көзделген", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Басқа криптобиржалармен банк операцияларына қатысты қолданыстағы реттеу талаптары сақталды, атап айтқанда, банктердің қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен операциялар жүргізуден бас тартуының ішкі тәртібін әзірлегені үшін жауапкершілігі сақталды.
 
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2021 жылғы қарашада криптобиржаларды құру үшін теңгерілген реттеу талаптарын қалыптастыру жұмысын күшейтуге тапсырма берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны