ЕАЭО елдерінен 15 мың азамат БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аударды
НҰР-СҰЛТАН. 9 ТАМЫЗ - Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО-ға қатысушы елдердің 15 мыңдай азаматы өздерінің тапқан табысынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасын аударды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетесек, 2019 жылғы 20 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойылды. 2020 жылғы 7 желтоқсанда ҚР "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңы қабылданып, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
ЕАЭО елдерінің азаматтары басқа мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыруы кезінде, оларды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін құқықтық реттеу, жұмыс күшінің жүріп-тұру жолында осыған дейін болған кедергіні жоюға мүмкіндік берді және еңбек қызметін заңдастыруға қосымша ынталандырып отыр.
Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттің азаматтары сияқты зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие болды.
ЕАЭО-ға қатысушы әрбір ел еңбек етушіге оның аумағында жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы төлеуге (экспорттауға) міндеттенеді.
Зейнетақыны ЕАЭО-ның басқа елінде тұратынына қарамастан, еңбек етуші өзінің еңбек қызметін жүзеге асырған ЕАЭО-ға мүше мемлекет төлейтін болады.
Қазақстанда Келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті орган ретінде БЖЗҚ белгіленді. Қазақстанда, келісім шеңберінде, ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің еңбек етушілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын болады. Өйткені олар ҚР-да тұрақты тұратын азаматтармен және шетелдіктермен тең жағдайда, ағымдағы жылдың басынан бастап, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайда аударуды жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Роман Скляр ExxonMobil компаниясының басшылығымен кездесті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен ЭЫҰ стратегиялық әріптестікті арттыруда: тауар айналымы $15 млрд-тан асты
Қазақстан - ЭЫҰ-ның айрықша әріптесі. Біз Қазақстанды өңірлік хаб және ЭЫҰ елдері мен Еуропа арасындағы көпір ретінде қарастырамыз", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Базалық мөлшерлемені 18,0% деңгейінде сақтау туралы
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алдағы 4 жылда Қазақстан 5 мың шақырым жаңа теміржол салады - Олжас Бектенов ТЖЫҰ конференциясының отырысында
Экономиканың аса маңызды күретамырына айналған Қазақстанның теміржол саласы халқымыздың өмір сапасын жақсартып, орнықты өсімді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Ұйымның 70 жылдығына орайластырылған алқалы жиын тоғыз жолдың торабында, Еуразия құрлығының дәл ортасында өтіп отыр. Мұның мәні зор. Заманауи әрі тиімді көлік жүйесі біз үшін халықаралық жеткізу тізбектеріне бейімделе отырып, жаһандық экономикаға ықпалдасуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Біздің ортақ мақсатымыз - Еуразияны біртұтас әрі үздіксіз жұмыс істейтін көлік жүйесіне айналдыру. Қазақстан - жаһандық мұхитқа тікелей шығар жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет. Бірақ біз осы географиялық ерекшелікті стратегиялық артықшылығымызға айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы 15 жылда біз көлік саласына шамамен $35 млрд қаражат салдық. 2,5 мың шақырымнан астам жаңа магистральдық жолдар салынды. Бүгінде "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" бағыты бойынша барлық құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 85%-ға жуығы Қазақстан арқылы өтеді. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы 4 жылда тағы 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз - 2035 жылға қарай транзит көлемін жылына 100 млн тоннаға дейін жеткізу", - деп атап өтті Премьер-министр.
Қазақстан Президенті цифрлық технологиялардың дамуына зор мән бере отырып, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осы орайда, қазіргі таңда TezCustoms платформасы енгізілуде. Ол Қытаймен шекарада рәсімдеу уақытын 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Аталған жұмыс басқа елдермен де жалғасуда", - деп атап өтті Премьер-министр. Сондай-ақ Ұйымның қатысушыларын теміржол желілерінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында озық цифрлық шешімдерді белсенді пайдалануға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстандағы конституциялық реформа S&P, Moody’s және Fitch агенттіктерімен талқылаудың негізгі тақырыбына айналды
Біз тыңайтқышты қолдану көлемін едәуір арттырдық. Егер осыдан үш жыл бұрын біз небәрі 600 мың тонна пайдалансақ, бұл ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту үшін жеткіліксіз болды, ал өткен жылы 1,8 млн тоннаға жетті. Биылғы мақсат - 2,3 млн тонна", - деп атап өтті вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Әлеуметтік маңызы бар сала: ӨҚМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кіріседі
Жеңіл өнеркәсіп біз үшін халықты жұмыспен қамту тұрғысынан өте маңызды. Мысалы, Түркістан облысында, еліміздің ең көп қоныстанған облысында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ең көп саны бар. Олардың одан әрі дамуымен жергілікті халықты жұмыс орындарымен және лайықты жалақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бизнеспен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуді бастауы қажет. Құжатта базалық кәсіпорындар, олардың ағымдағы көрсеткіштері мен мақсатты бағдарлары анықталуы керек. Қарсы міндеттемелер, ең алдымен, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту және өндірісті ұлғайту", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба: 34 жоба жүзеге асыру сатысында
Бәйтерек" холдингі мыңнан астам өтінімді қарады. Екінші кезеңде жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 144 жоба келісілді. Оның ішінде 89-ы - Қазақстанның даму банкі мен екінші деңгейлі банктер арқылы тікелей кредиттеу тетігі бойынша, 55-і - Қазақстандық тұрғын үй компаниясы арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу тетігі бойынша мақұлданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
346 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат және 1,2 млн кәсіпкер арнайы режимді таңдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.05.2026, 10:20Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді 09.05.2026, 10:26 9256Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады09.05.2026, 10:36 8751Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды09.05.2026, 11:45 3116Huawei Kazakhstan 32%-дық өсімді тіркеп, 2026 жылға арналған технологиялық басымдықтарды белгіледі
02.05.2026, 13:48 62561Бейжіңде Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды02.05.2026, 14:50 62421Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілігін растады02.05.2026, 15:52 62286Қазақстан мен Молдова сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде02.05.2026, 16:43 53151Қазақстан Мекке мен Мәдинадағы қажылар үшін мәдени мүмкіндіктерді кеңейтуде02.05.2026, 17:53 52821Қазақстан мен Таиландтың солтүстік-шығыс өңірлері өнеркәсіп және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
10.04.2026, 23:02 727616Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды13.04.2026, 21:35 474476Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474386Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474341Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады10.04.2026, 22:00 462981Сеулде "Орталық Азия - Корея Республикасы" алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

