28.04.2023, 12:35 26621

"Қазақтелекомның" 2022 жылғы табысы 634 млрд теңгеге жетті

Таза пайда 128 млрд теңгеден асып, бір жыл ішінде 32%-дан астам өсті
Астана. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Өткен жылы "Қазақтелекомның" кірісі 7%-ға артып, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 594 млрд теңгеге қарағанда 634 млрд теңгеге өсті, ал таза пайда 128 млрд теңгеден асып, бір жыл ішінде 32%-дан астам өсті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кірісті ұлғайтуға компаниялар тобы ұсынатын қызметтердің тіркелген және мобильді сегменттерінде қол жеткізілді. Бұдан басқа, EBITDA көрсеткіші (пайыздарды, салықтарды, тозуды және есептелген амортизацияны төлеу бойынша шығыстар шегерілгенге дейінгі пайда көлемі) 2022 жылы да алдыңғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3%-ға өсті (2022 жылы 285 млрд теңге, 2021 жылы 278 млрд теңге). EBITDA бойынша рентабельділік 45%-дан төмен болмайтын деңгейде сақталып келеді", - деп хабарлады компанияда.


Компанияда атап өткендей, 2022 жыл жалпы ел үшін де, компания үшін де оңай болған жоқ. Қиындықтар тек қаңтардағы оқиғалармен шектеліп қалмады, сыртқы жағымсыз әсер іс жүзінде былтыр жыл бойына жалғасты - бірақ бұған қарамастан, компания оларды еңсере алды және шоғырландырылған есептен көріп отырғандай, қаржылық-шаруашылық қызмет жағынан барлық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Ағымдағы жылы "Қазақтелеком" алға өршіл жоспарлар мен ірі жобаларды қойып отыр - компания республика бойынша 2200-ден астам көппәтерлі тұрғын үйлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға және 110 мыңға жуық пәтерді жоғары жылдамдықты интернетпен және басқа да заманауи цифрлық қызметтер мен сервистермен қамтамасыз етуге ниетті.

Оптикалық желіні дамытумен қатар, дәстүр бойынша өз инфрақұрылымымыздың басқа сегменттерін салуға, жаңғыртуға және қайта құруға инвестицияларды ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Біз әрқашан өз бағытымыз бен миссиямызға адал болдық: байланыс және цифрландыру секілді стратегиялық маңызды бағыттарда мемлекет пен қазақстандықтардың сенімдісеріктесі болып келеміз", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев.


Сонымен қатар, ағымдағы жылы компанияның аса маңызды жобаларының бірі 5G желісінің құрылысы деп айтуға болады: өткен жылдың желтоқсан айында "МТС" ЖШС және "Кселл" АҚ операторларының консорциумы тиісті жиіліктерді бөлу бойынша аукцион жеңімпазы атанды.

Конкурс шарттары бойынша бұл компаниялар 2027 жылға дейін бүкіл ел бойынша 7 мыңнан астам бесінші буын байланыс стандартының базалық станцияларын орналастыруы тиіс және оның 486-сы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. "Қазақтелеком" консорциумның қос қатысушыларының да бас компаниясы ретінде бұл жобаны тұрақты бақылауда ұстайды", - деп атап өтті компанияда.


Бұдан бөлек, "Қазақтелеком" ағымдағы жылы "AzerTelecom"-мен бірлесе отырып, "Әзербайжан-Қазақстан" бағыты бойынша Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық желі құрылысын көздейтін халықаралық күрделі жобасын жүзеге асырады.

Компанияның ағымдағы жылға арналған жобалар портфеліне қазақстандық абоненттерді деректерді таратудың ADSL ескірген технологияларынан оптикаға ауыстыруға арналған ауқымды жобасы да кірді, ол Республиканың 9 қаласында 25 мыңнан астам пайдаланушыға жағымды әсер етеді.

Сондай-ақ, ірі телеком - оператор көпқабатты үйлердің тұрғындарын GPON технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетпен, жеке сектор мен қалаға жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын FWA-тіркелген сымсыз байланыс технологиясы бойынша интернетпен қамтамасыз ете отырып, өзінің желілік инфрақұрылымын ұлғайтуды жалғастырады. "Қазақтелеком" алдағы екі жыл ішінде республика бойынша FWA технологиясы арқылы қазіргі заманғы телекоммуникациялық қызметтер мен сервистерді 160 мыңға жуық жеке үйді қосу үшін 300-ден астам базалық станция салу жоспары бар. Компания өткен жылы қол жеткізілген қаржылық табыстар осы жоспарларды іске асыру үшін сенімді негіз болатынын айтады.

Қазақстандықтарды, мемлекетті және бизнесті барлық заманауи телекоммуникациялық қызметтер мен сервистермен қамтамасыз ету - біздің компаниямыздың әрқашан басым міндеті болған және болып қала береді және менеджмент ағымдағы жылға жоспарланған жобалардың маңыздылығын жақсы түсінеді, өйткені олардың табысты жүзеге асуы арқылы біздің байланыс саламыз ғана емес, тұтастай алғанда еліміз қарышты дамиды. Сапалы телеком-қызмет жеделдетілген цифрландыру есебінен экономикадағы, өнеркәсіптегі, медицинадағы, білім берудегі трансформациялық процестерге жаңа серпін бере алатынына сенімдімін. 2023 жылы біз абоненттеріміз үшін барлық сегменттерде телекоммуникациялық қызметтердің үздік провайдері болып қалу үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз және өткен жылы қол жеткізілген қаржылық табыстар осы жоспарларды іске асыру үшін сенімді негіз болады", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ бас қаржы директоры Людмила Атамұратова.


Компанияда атап өткендей, қазіргі уақытта "Қазақтелеком" телекоммуникацияның ішкі нарығының барлық сегменттерінде: тіркелген телефония, интернетке кең жолақты қолжетімділік, ұялы байланыс, ақылы теледидар және IT-өнімдер саласында қызметтер мен сервистердің кең спектрін ұсына отырып, Қазақстанның телекоммуникациялық нарығының сөзсіз көшбасшысы болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық операторлар ЕАЭО елдерінде роумингтің жойылуына қарсы болған болатын. Олар өз ұстанымдарын роумингте әділ тарифті енгізу олардың кірістерінің төмендеуіне әсер ететіндігімен түсіндірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны