03.06.2025, 14:44 103896

2025 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алу көлемі 680 млрд теңгеге жетті

Сатып алулардың негізгі үлесі Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және НКОК-қа тиесілі - 62%, Самұрық-Қазына - 23%. Қалған жер қойнауын пайдаланушыларға - 15%
2025 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алу көлемі 680 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

2025 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 1,1 трлн теңгені құрады, оның ішінде елішілік құндылық 680 млрд теңгені немесе 60,2%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 6,1 трлн теңгені құрады, оның ішінде елішілік құндылық үлесі 3,8 трлн теңгені немесе 61,9 %-ды құрады. 2024 жылы тауарлардағы, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықтың оң өсуі сақталды.

Сатып алулардың негізгі үлесі Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және НКОК-қа тиесілі - 62%, Самұрық-Қазына - 23%. Қалған жер қойнауын пайдаланушыларға - 15%.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны