24.11.2022, 18:19 27011
Қазақстанда күнбағыс майы өндірісі бір жылда 46%-ға өсті
Достарға айту
Астана. 24 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда күнбағыс майы өндірісі бір жылда 46%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
2021 жылы 960,5 мың гектар болған күнбағыс тұқымына арналған егіс алқабы биыл 1 млн гектарға дейін ұлғайды.
Егін жинау аяқтауға жақын, бүгінгі күні фермерлер бұл дақылдың егіс алқаптарының 96% жинап, шамамен 1,2 миллион тонна күнбағыс бастырды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Сонымен қатар, күнбағыс майын өндіру көлемі өсіп келеді. Биылғы жылдың қыркүйегіне қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 46,3%-ға артық.
Отандық күнбағыс майының бір бөлігі экспортқа шығарылады. 2022 жылдың басынан бастап шетелге 173,1 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп.
Бұған дейін Қазақстаннан күнбағыс майының экспорты үш есеге жуық өскені хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
31.01.2023, 13:35 906
Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты 6,3 млрд АҚШ доллар көлемінде профицитпен қалыптасты
Ағымдағы шоттың терістен оң аймаққа өтуі сауда балансының жақсаруымен байланысты
Достарға айту
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылдың қорытындысы бойынша төлем балансының алдын ала бағалауын қалыптастырды. Төлем балансының ағымдағы шоты 6,3 млрд АҚШ доллар көлемінде профицитпен қалыптасты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, 7,9 млрд АҚШ доллары мөлшерінде тапшылық байқалды.
Ағымдағы шоттың терістен оң аймаққа өтуі сауда балансының жақсаруымен байланысты, оның профициті - 35,1 млрд АҚШ доллары. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,4 млрд АҚШ долларға (87,3%) айтарлықтай жақсарды. Профициттің өсуі тауар экспортының импорттан асып түсетін өсу қарқынымен қамтамасыз етіледі", - деп атап өтті Ұлттық Банкте.
Тауар экспорты өткен жылмен салыстырғанда 40,7%-ға өсіп, 84,8 млрд АҚШ долларына жетті. Тауар экспорты тұрақты сыртқы сұраныспен және шикізатқа, атап айтқанда, мұнайға деген әлемдік бағаның жоғары деңгейімен қамтамасыз етілді. Сондықтан, мұнай экспорты мен газ конденсаты 50,9%-ға өсіп, 46,9 млрд АҚШ долларын құрады.
Тауар импорты, өз кезегінде, аралық (19,5%-ға немесе 3,9 млрд. АҚШ доллары) және азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарлары (33,0%-ға немесе 2,9 млрд. доллар) импортының ұлғаюы есебінен 19,6%-ға өсіп, 49,7 млрд АҚШ долларына жетті.
Тікелей шетелдік инвесторлардың кірісі де есепті кезеңде 15,1%-ға (немесе 3,4 млрд АҚШ долларына) өсіп, 26,3 млрд долларды құрады. Тұтастай алғанда, тауар экспортының өсуі шетелдік инвесторларға кіріс төлемдерінің ұлғаюымен қатар жүреді.
Қаржы шотында (резервтік активтерді қоспағанда) 7,0 млрд АҚШ доллары көлемінде оң сальдоның қалыптасуы - сыртқы активтердің ұлғаюын және резиденттерге тән сыртқы міндеттемелердің төмендеуін білдіреді (2021 жылы 2,4 млрд АҚШ доллары көлемінде таза кіріс байқалды). Қаржы шотының оң сальдосы, негізінен, мемлекеттік сектордың операцияларымен қамтамасыз етіледі.
Резервтік активтер (Ұлттық қордың активтерін қоспағанда) 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 35,1 млрд АҚШ долларына бағаланды. Бұл қазақстандық тауарлар мен қызметтер импортының 7,2 айындағы қаржыландыру қажеттілігін жабады", - деп атап өтті Ұлттық Банкте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 11:58 1196
Биыл көктемнен бастап Екібастұз және Риддер тұрғындары үшін жылу тарифі басқа өңірлерге қарағанда жоғары болады - Қуантыров
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Тариф саясаты әр кәсіпорынның жеке жағдайына байланысты белгіленбек
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет кулуарында коммуналдық тарифтерді мейлінше баяу көтеруді жоспарлап отырғанын айтты.
"Былтырғы коммуналдық коллапстан кейін кейін тариф бойынша түсінікті сандар пайда болды ма? Екібастұз, Риддер сияқты қалалар қандай тарифпен төлем жасай бастайды?" деп сұрады БАҚ өкілдері.
Министрдің айтуынша, тариф саясаты әр кәсіпорынның жеке жағдайына байланысты белгіленбек.
Мен бұл туралы бірнеше рет айттым, иә белгілі бір өсім болды. Бұл нақты табиғи монополия субьектісіне байланысты болады. Яғни, халыққа қызмет көрсететін, қуат көзін ұсынатын немесе қуат көзін алатын ұйымға байланысты. Желілердің тозу көрсеткішіне де байланысты болады. Мысалы, Екібастұз жылу электр орталығы өтінім берді. Олар тарифті бір мезетте 107 пайыз көтеруді сұрады. Біз ондай қадамға бара алмаймыз, оны өздеріне ашып айттық. Өсім бұдан 4 есе кем болатын шығар. Олармен бірге шамамен осылай жұмыс істеп жатырмыз. Біріншіден, Екібастұз жылу электр орталығының иесі де жауапкершілікті арқалауы керек - инвестиция салуға тиіс. Шығынның бір бөлігі бюджетке, бір бөлігі тұрғындарға түседі. Әділетті тәсіл болу керек. Сонда өсім баяу жүреді", - деді ол.
Министр жылу жүйесіндегі проблемасы қайта-қайта сыр беріп жатқан Екібастұз бен Риддердің жағдайына жеке тоқталды.
Екібастұзда жүйе мүлдем тозып біткен. Ең үлкен өсім сол жақта жоспарланған. Екі еседен жоғары болады. Бірақ біз оны басқа механизмдер арқылы тежеуді жоспарлап отырмыз Екібастұз бен Риддерде өсімді баяу жүргізгіміз келеді. Мысалы жылудың жаңа тарифі бұл қалалалардың тұрғындарына наурыз айында сезіледі. Сәуірде наурыз айының түбіртегі келеді. Ол кезде күн жылына бастаған соң жылу аз тұтынылады. Сәйкесінше тарифтің өскенін наурыз айы мен сәуірдің жартысында ғана сезінеді. Одан кейін өсімді келер қыста бір-ақ сезінуі керек. Жылуға төленетін бірінші түбіртек қараша айында келеді. Тарифтің өсімін тұрғындар сәуірде сезінеді сонда", - деді Әлібек Қуантыров.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы жылу энергиясы үшін төлемді қайта есептеуді қайта қарауды тапсырды.
2022 жылғы 27 қарашада Екібастұз ЖЭО-да болған ірі апат қала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. Тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар мен ауруханалар жылытудан ажыратылды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Әлеуметтік орталықтардың кейбір балалары мен аурухананың кейбір пациенттерін эвакуациялауға тура келді. Балабақшалар жұмысын тоқтатты, ал оқушылар уақытша қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. Қалада жылумен жабдықтаудың берілетін параметрлерін тұрақтандыру және жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Өткен жылдың қараша айында Риддер ЖЭО апатына байланысты 22 мыңнан астам абонент жылусыз қалды. ТЖ режимі енгізілді. Қаланың ЖЭО-да кезекті апат ағымдағы жылдың қаңтар айының басында орын алды. Содан кейін багер станциясы су астында қалды.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның жылу-энергетика саласындағы негізгі қорлардың жалпы тозу деңгейі 71,8% құрайды.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 11:34 1601
10 мыңнан астам бизнеске қойылатын талап реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейді - Смайылов
Бизнестен түскен шағымдардың ең көп саны жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, салықтық әкімшілендіру, сәулет және қала құрылысы салаларында анықталды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов бизнеске әкімшілік жүктемені барынша азайту мақсатында қолданыстағы реттеуші актілердің бәріне ауқымды талдау жұмысының қорытындыларын айтты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлік қызметті реттеудің 44 саласына жан-жақты талдау жасалды. Нәтижесінде жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталды", - деді Үкімет басшысы.
Осыған байланысты өткен жылдан бастап заңға тәуелді актілер аясында оларды жою бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осыған ұқсас процесс заңнамалық өзгерістер бөлігінде де жүріп жатыр.
Сонымен қатар реттеу салаларын талдау қорытындысы бойынша Smart Data Ukimet платформасында кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптар тізілімі іске қосылды, ол реттеуші актілерді тұрақты негізде қайта қарауға мүмкіндік береді. Бұл ретте бизнес-ортаға теріс әсер ететін талаптарға қатысты "Реттеуші гильотина" әдісі қолданылатын болады. Ол кәсіпкерлерді талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатуды қарастырады.
Сондай-ақ, министр 2022 жылы мемлекеттік бақылаудың 35 саласы автоматтандырылғанын, мемлекеттік органдардың 16 ақпарат жүйесі Smart Data Ukimet-ке интеграцияланғанын айтты. Қалған 35 саланы автоматтандыруды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Өз кезегінде "Атамекен" ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов кәсіпкерлікті реттеу салаларын талдау жұмысына бизнес-ортадан 100-ден астам сарапшы тартылғанын хабарлады.
Премьер-Министр бизнеске әкімшілік жүктемені азайту үшін барлық реттеуші актілер бойынша ауқымды талдамалық жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша Міндетті талаптар тізілімі жасалды. Оны біз қажет кезде қайтадан қарап, реттеп отыратын боламыз. Бұл жерде "Атамекен" палатасы белсенді рөл атқаруы тиіс. Яғни, орынсыз, бірін-бірі қайталайтын немесе тиімсіз талаптарды анықтау және алып тастау жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады", - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Үкімет басшысы мемлекеттік бақылау жүйесінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін автоматтандыру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатқанын да айтып өтті. 35 салада бұл жұмыс аяқталды. Ол кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден қорғауға мүмкіндік береді.
Жалпы "таза парақтан" реформасы бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне бірінші кезекте, мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінулері керек", - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша, атқарылған жұмыстар 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының 4,7 млн адамға дейін өсуіне және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Премьер-Министр бизнеске қойылатын артық талаптарды жою бойынша заңнамалық өзгерістердің уақытылы қабылдануын қамтамасыз ету, заңға тәуелді актілерге тиісті түзетулер енгізуді жылдамдату және бірінші жартыжылдықтың соңына дейін мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жұмысын аяқтау қажеттігін айтып өтті.
Одан бөлек, Әлихан Смайылов ашықтықты арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды іріктеу рәсімдерін одан әрі автоматтандырудың, сондай-ақ әкімдіктер мен министрліктер тарапынан өндірістің, инфрақұрылым мен электр энергиясының негізгі факторларына тең қол жеткізу бойынша жаңа бизнес-жобаларға жан-жақты қолдау көрсетудің маңызды екенін атап өтті.
Соңында Үкімет басшысы мемлекеттік органдарды кәсіпкерлердің өтініштері бойынша жедел әрекет етуге шақырды.
Жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, салықтық әкімшілендіру, сәулет және қала құрылысы салаларында шағымдар саны көп. Жұмыстың жаңа белсенді форматына көшіп, бизнес жиі көтеретін проблемаларды шешу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет", - деді Әлихан Смайылов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2023, 10:17 1771
Бас прокуратура шетелдік және отандық қызметкерлердің жалақысындағы теңгерімсіздік ең көп таралған бұзушылық деп атады
1,5 млрд теңге сомасына 68 кәсіпорындағы 4 мың қызметкердің алдындағы жалақы бойынша борыштарды өтеу қамтамасыз етілді
Достарға айту
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы азаматтардың еңбегін қорғау туралы айтты, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ведомствода атап өткендей, ең көп таралған бұзушылық - отандық және шетелдік мамандардың еңбегіне ақы төлеудің теңгерімсіздігі.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 66 ұсыну енгізіліп, 228-ге жуық адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 72 млн теңгеге айыппұл салынып, әкімдіктермен 266 рұқсат қайтарып алынды және 150 шетелдік азамат елден шығарылды", - деді баспасөз қызметінде.
Еңбек жағдайларының қауіпсіздігі мәселелері де назардан тыс қалмайды. Прокурорлардың актілері бойынша 30 мың жұмысшыға жалақыға үстемеақы белгіленді, 600-ден астам қызметкерге өтемақы төленді, қорғау құралдарымен және арнайы тамақпен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету басталды, 22 бірлік жабдықтың жұмысы тоқтатылды. Әкімшілік жауаптылыққа 226 адам тартылды.
2022 жылы прокурорлар уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп 1,5 млрд теңге сомасына 68 кәсіпорындағы 4 мың қызметкердің алдындағы жалақы бойынша борыштарды өтеуді қамтамасыз етті. Жалақы бойынша берешекті жедел өндіріп алу үшін деректер алмасу жолға қойылды, дебиторлармен жұмыс жүргізілуде және борышкерлердің мүлкін іздеу жүріп жатыр.
Мысалы, "Тамыр" ЖШС компаниялар тобы 243 қызметкерге 60 млн теңге қарыз болған. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ұсынуы бойынша кәсіпорынмен қарыздар толығымен төленіп, ал жұмыс беруші ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған", - деп бөлісті ведомствода.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы ҚР-да өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 1465 қызметкер зардап шекті, оның 203-і қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2023, 12:41 17421
Алматының екі базарында азық-түлік бағасы көтерілді
Достарға айту
"Жұлдыз" және "Арыстан" азық-түлік базарларында басы артық делдалдардың тізбегі мен сауда үстемесін 15%-дан асырып жіберу фактілері анықталды
Алматы. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда "Жұлдыз" және "Арыстан" азық-түлік базарларында басы артық делдалдардың тізбегі мен сауда үстемесін 15%-дан асырып жіберу фактілері анықталды. Бұл туралы Үкіметте өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаның өсуін тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес барысында белгілі болды.
Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша базарлар басшылығы өз аумағына қосалқы делдалдарды жібермеуді, сол арқылы бағаның өсуіне әкелетін заңсыз әрекеттерді жоюды тапсырды", - деді Сауда комитеті төрағасының м.а. Айдар Әбілдабеков.
Оның айтуынша, СҚО-да "үй маңындағы" дүкенге жұмыртқа (С1) жеткізген делдал анықталды. Алматы облысында Бәсекелесткті қорғау және дамыту агенттігі екі кәсіпорынның әрекеті әлеуметтік санаттағы тауық жұмыртқаларын сату кезінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілері барын қарастыруда. Осы фактілердің барлығы өңірлік комиссиялардың делдалдықтың нақты жағдайларын анықтап, тиісті шаралар қабылдай бастағанын көрсетеді.
Үкіметтің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, облыстар бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы жыл басынан бері Маңғыстау өңірінде ең көп өсті (2,9%-ға), онда ӘМАТ қатарына енетін 10 атауы қымбаттаған. Сондай-ақ Ұлытау облысында (бағаның өсуі - 2,6%) және Астана қаласында (өсу - 2,1%) ең нашар көрсеткіштер тіркелді.
Сауда комитетінің мәліметінше, бағаны ұстап тұру жөніндегі өңірлік комиссиялар басы артық делдалдарды анықтауда нақты нәтижелер көрсете бастады (жыл басынан бері өңірлерде осы мәселе бойынша 125 отырыс өткізілді).
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов алдағы маусымаралық кезеңге арналған көкөніс бойынша өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтерін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Он екі өңір картоп көлемі маусымаралық сұраныстың 100%-дан, жетеуі - 50%-дан астамына келісімшартқа отырды; сәбіз бойынша - 10 өңір 100%-дан, 8-і - 50%-дан астам қор жасады; қырыққабат бойынша - 5 өңір сұранысты 100% , 9 өңір - 50%-дан жоғары қамтамасыз ету бойынша келісімшартқа отырды. Пияз бойынша 9 өңір жасыл аймақта, яғни олар сұраныстың 100%-дан астамын, 8-і - 50%-дан астамына келісімшарт жасады. Қызыл аймақта келісімшарт жасау 50%-дан аз, картоп қоры бойынша - Алматы облысында, сәбіз бойынша - Павлодар және Алматы облыстары, қырыққабат бойынша - Маңғыстау, Абай, Алматы, Жамбыл, Атырау, Павлодар облыстарында, пияз бойынша - Алматы, Павлодар, Жетісу областарында", - деді Бағлан Бекбауов.
Жаңа өнім жинауға дейінгі (2023 жылдың ақпан-тамыз аралығында) тұтыну нормалары 56,5 мың тонна болса, бүгінде әкімдіктердің қоры 88,6 мың тоннаны құрап отыр. Сонымен қатар Қызылорда облысының өндірушілері қажет болған жағдайда 5,9 мың тонна көлемінде қосымша күріш жөнелтуге дайын. Осылайша, қолда бар күріш қоры келесі егінге дейін еліміздің күрішке деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жетеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Түркістан облысында жалпы ауданы 46 га болатын 170 жылыжай шаруашылығының 36,8 гектары ауа райының қолайсыздығы, 9,2 гектары жылыту проблемалары салдарынан зардап шеккен. Тек 1,2 гектар жерге ғана нарыққа бейім дақылдар - қияр мен қызанақ егілді. Қазір зардап шеккен шаруа қожалықтарына қолдау көрсету мақсатында жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету, тікелей көмір жеткізуді жолға қою бойынша жұмыстар жүргізілуде, несиелер бойынша кейінге қалдыру мәселесі (залал туралы актілер негізінде) қарастырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның оңтүстігінде қар мен аяз көкөністердің ерте өнімін жойды.
Статистикалық деректер бойынша, бүгінде республикада қияр мен қызанақ өндіретін 1,2 мың гектар жылыжай жұмыс істейді, олардың барлығы 190 мың тоннаға жуық өнім береді. Бұл көлем Түркістан облысының жағдайын ескере отырып, халықтың жылыжай көкөністеріне деген сұранысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасы әр өңірде тұрақты болуы керек, белгіленген көрсеткіштерден (сатып алу бағасы, тасымалдау шығындары, сақтау және саудаға төленетін үстемелер) айырмашылығы болмауы керек. Біз форвард арқылы ерте піскен көкөністі сатып алу схемасын бекіттік, бірақ оны өңірлердің барлығы бірдей ұстанбайды, айналым схемалары арқылы жалғастыруда. Сауда комитетіне форвардтық сатып алу және "айналым схемалары" арқылы көкөніс сатып алу бағалары бойынша барлық өңірлерді тексеріп, бағаларға талдау жасауды тапсырамын. Оның нәтижелері бойынша шешім қабылдайтын боламыз", - деп түйіндеді Серік Жұманғарин.
Бұған дейін Қазақстан көкөністердің импортына тәуелділікті сақтайтыны хабарланған болатын. Қазақстан пияз экспортына 3 ай мерзімге тыйым салды. Бір апта ішінде бұл өнім бірден 5,5%-ға қымбаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2023, 12:21 17686
KEGOC желілері бойынша электр энергиясын беру қызметтерінің көлемі 7,2%-ға өсті
Достарға айту
2022 жылғы 7 желтоқсанда тұтынудың ең жоғары көрсеткіші 16 459 МВт құрады, сонымен бірге еліміздің электр станцияларының жиынтық генерациясы 15 203 МВт құрады
Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылы елімізде 112 865,9 млн.кВт электр энергиясы өндірілді, электр энергиясын тұтыну 112 944,6 млн. кВтсағ құрады, деп хабарлайды Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының (KEGOC) баспасөз қызметі.
"KEGOC" АҚ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 7,2%-ға артып, 58 570,3 млн. кВтсағ құрады. Бұл ретте 2022 жылғы желтоқсанда Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың рекордтық көрсеткіші тіркелді. 2022 жылғы 7 желтоқсанда тұтынудың ең жоғары көрсеткіші 16 459 МВт құрады, сонымен бірге еліміздің электр станцияларының жиынтық генерациясы 15 203 МВт құрады.
Осындай жоғары жүктемелер кезінде "KEGOC" АҚ пайдаланатын Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) штаттық режимде сенімді жұмыс істеді", - деп атап өтті компания.
Жүйелік оператордың электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтері 104 263,9 млн.кВтсағ көлемінде, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтері 203 232,9 млн. кВтсағ көлемінде көрсетілді.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның түрлі өңірлерінде энергетика объектілеріндегі апаттар жиілеп кетті. Сарапшылар Қазақстанның жылу-энергетика саласындағы негізгі қорлардың жалпы тозу деңгейі 71,8% құрайтынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстанның энергожүйесі электр энергиясы мен қуат тапшылығы жағдайында жұмыс істеген, оның себептерінің бірі электр станцияларындағы апаттылықтың жоғары болуы болып табылады, ол 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға жоғары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2023, 12:08 18721
Астана мен Бейжің арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылады
Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясы Астана - Пекин бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр
Достарға айту
Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билік органдарымен бірлесіп, халықаралық әуе қатынасын одан әрі қалпына келтіру және ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан мен Қытай астаналары арасында тұрақты рейстерді қайта ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ААК баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 25 наурызынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясы Астана - Пекин бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі) ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр. Ұшулар А-321 LR типті әуе кемелерінде орындалады", - деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясы Алматы және Бейжің қалалары арасындағы рейстерді 1 рейстен (дүйсенбі) аптасына 5 рейске дейін (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отыр, көктемгі-жазғы навигация кезеңде аптасына 5-тен 7 рейске дейін кезең-кезеңімен одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ұшулар А-321 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің ұлғаюы екі дос ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ҚХР азаматтары үшін енгізілген 14 күндік визасыз режимді толыққанды пайдалануға ықпал етеді", - деп қосты баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2023, 10:53 19011
QazaqGaz итальяндық әріптесімен Қашағандағы газ өңдеу зауытын салу кезіндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Санжар Жаркешов инвесторлармен экономикалық тұрғыдан тиімді принципі арқылы жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді
Сурет: qazaqgaz.kz
Достарға айту
Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "QazaqGaz" ҰК Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Eni компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесіп, еліміздің газ саласын реформалау аясында серіктестік орнату туралы сөйлесті, деп хабарлайды "QazaqGaz" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, оларды тауарлық газға белгіленген формуланың өзгеруі де қызықтырып отыр.
Санжар Жаркешов инвесторлармен экономикалық тұрғыдан тиімді принципі арқылы жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. Оның айтуынша мұндай қадам инвестициядан бөлек, ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, QazaqGaz және Eni Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы аясында серіктестік орнату мүмкіндігін де талқылады.
Eni - италиялық ірі мұнай-газ компаниясы. Eni Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі қызметін Батыс-Қазақстан облысындағы Қарашығанақ және Солтүстік Каспийдің таяз суларындағы кен орнында жүргізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
31.01.2023, 08:31Қазақстанда қанша шетелдік автокөлік заңдастырылды 31.01.2023, 10:49 1871AMANAT партиясының кезектен тыс съезі 7 ақпанда өтеді31.01.2023, 10:17 1561Бас прокуратура шетелдік және отандық қызметкерлердің жалақысындағы теңгерімсіздік ең көп таралған бұзушылық деп атады31.01.2023, 11:34 139110 мыңнан астам бизнеске қойылатын талап реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейді - Смайылов31.01.2023, 12:38 1341Қазақстанда балалар азаматтық ауыстырған кезде Ұлттық қордан ақша алмайды
27.01.2023, 13:52 54246Жағдай халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді - Смайылов әуежай құрылысының ұзаққа созылғаны үшін Шымкент басшылығына сөгіс жариялады27.01.2023, 13:36 54171Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу қағидалары өзгереді27.01.2023, 13:09 53826Астана әкімі Тоқаевқа елордада жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы айтты25.01.2023, 13:19 51376Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өсуде27.01.2023, 11:50 50766Қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтау қағидалары жаңартылады
12.01.2023, 12:02 63401Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды12.01.2023, 13:34 63056Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады12.01.2023, 12:49 61896ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды27.01.2023, 13:52 54246Жағдай халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді - Смайылов әуежай құрылысының ұзаққа созылғаны үшін Шымкент басшылығына сөгіс жариялады27.01.2023, 13:36 54171Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу қағидалары өзгереді