18.06.2026, 18:31 1316

83 млрд теңгеге жуық игерілмеген қаражат Ұлттық қорға қайтарылған жоқ - ВАП

83 млрд теңгеге жуық игерілмеген қаражат Ұлттық қорға қайтарылған жоқ - ВАП
Сурет: Depositphotos
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Сенат отырысында Ұлттық қордан бөлінген игерілмеген шамамен 83 млрд теңгенің қорға қайтарылмағанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ұлттық қор қаражаты стратегиялық және ұлттық маңызы бар жобаларға емес, көшелер мен саябақтарды абаттандыру, ауылдық клубтар салу, көше жарығын орнату сияқты жергілікті деңгейдегі жобаларды қаржыландыруға бағытталған.

Ұлттық қор қаражаты стратегиялық және ұлттық ауқымдағы міндеттердің орнына көшелерді, саябақтарды абаттандыруға, ауылдық клубтар мен көше жарығын салуға жұмсалды. Көптеген жобалар жобалық-сметалық құжаттамасыз және жер телімдері дайын болмай тұрып қаржыландыруға енгізілген. Соның салдарынан бюджет орындалу барысында құны 100 млрд теңгеден асатын 132 жоба алып тасталды немесе ауыстырылды", - деді Әлихан Смайылов.


Сондай-ақ ол көптеген жобалардың қажетті құжаттары мен дайын инфрақұрылымы болмай тұрып қаржыландырылғанын атап өтті.

Жоғары аудиторлық палатада игерілмеген қаражат Ұлттық қорға уақытылы қайтарылуы тиіс екенін, алайда іс жүзінде бұл талап толық көлемде орындалмай отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Ұлттық қор қаражатының миллиардтаған теңгесі заңбұзушылықтармен жұмсалғаны туралы хабарлаған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны