18.06.2026, 12:08 6396

Астанада Азияның өңірлік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

Астанада Азияның өңірлік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды
Сурет: kisi.kz
Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Хатшылығы ұйымдастырған Азия өңірлік ұйымдарының атқарушы құрылымдары басшыларының дөңгелек үстелі өтті. "Қауіпсіз әрі өзара байланысқан Азия үшін синергияны күшейту" тақырыбындағы іс-шара АӨСШК Хатшылығының құрылғанына 20 жыл толуына арналды, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының стратегиялық зерттеулер институтының баспасөз қызметінен.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың жаңа мүмкіндіктері мен бастамалардың қайталануын азайту жолдарын қарастыру мақсатында Азиядағы көпжақты ұйымдар мен форумдардың қызметі бойынша мазмұнды пікір алмасты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар БҰҰ жүйесіндегі ұйымдардың қызметі мен басымдықтарын, сондай-ақ олардың қазіргі әлемде кездесіп отырған сын-қатерлерін талқылауға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар өңірлік және жаһандық тәуекелдер мен қауіп-қатерлердің артуы жағдайында Азия ұйымдарының атқарушы құрылымдары диалогты қолдау, сенімді нығайту және ынтымақтастықты дамыту бағытында қолданатын практикалық тәсілдер қарастырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны