18.06.2026, 11:31 3011

Елімізде шілде айында бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады

Елімізде шілде айында бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады
Сурет: Depositphotos
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Сенат отырысында шілде айында елде бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Биыл 19 шілдеден бастап бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауымен осы жылдың 1 мамырында экономиканың жаңа саласы – цифрлық активтер индустриясын дамытуға құқықтық негіз қаланды. Заманауи, ашық әрі институционалдық орта қалыптастырылды», – деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, Ұлттық банктің реттеушілік орталығы базасында цифрлық қаржы активтері саласында 30-дан астам инновациялық жоба іске қосылған.

Бұған дейін Қазақстанда бірыңғай QR-кодты енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны