12.10.2021, 21:15 35911

Қазақстан Калининградпен әуе қатынасын жаңартуда

НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚАЗАН - ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан – Калининград және Алматы – Калининград бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 1 рейстен ашуға рұқсат берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Boeing-737 әуе кемесімен тұрақты рейстерді 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Калининград бағытында сенбі күндері, Алматы – Калининград бағытында бейсенбі күндері ұшады", - деп хабарлады ҚР ИИДМ.

 
Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.
 
Анықтама: Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы 2008 жылы құрылған. Ұшақтар паркі Boeing-737, Boeing-777, Airbus A330 және Airbus A321 үлгісіндегі 33 әуе кемесінен тұрады. Негізгі әуежайы – Шереметьево. Ұшу географиясы - 200-ден астам бағыт, әлемнің 20 еліндегі 95 қаладан ұшады. "Северный ветер" әуе компаниясы жолаушылар айналымы бойынша Ресейдің ТОП-7 әуе компаниясының қатарында.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны