02.02.2022, 17:45 19491

Брекешев кәдеге жарату төлемдерінің мөлшері қашан бекітілетінін айтты

Брекешев кәдеге жарату төлемдерінің мөлшері қашан бекітілетінін айтты
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 2 АҚПАН - Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларына кәдеге жарату төлемі мөлшерлемесі жұртшылықпен келісілгеннен кейін бекітілетінін айтты.
 
Мәжіліс отырысында депутат Самат Мұсабаев министрден кәдеге жарату төлемі мәселесі бойынша қандай шешімдер қабылданғанын сұрады. Ол Президент 22 күн бұрын тапсырма бергенін атап өтті.
 
Министр кәдеге жарату алымын реттеу функциялары "Жасыл дамуға" берілгенін еске салды. "ӨКМ Операторы" ЖШС өз қызметін тоқтатып, барлық активі мемлекеттік компанияға берілген.
 

Кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін қайта қарау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Мен үш-төрт жұмыс тобын жеке автокөлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, кабель-өткізгіш өнімдері, қаптама және т.б. бойынша өткіздім. Бүгінде кабель-өткізгіш өнімдері бойынша кәдеге жарату алымының мөлшерлемесі нөл болады деген шешім қабылданды. Алдымен кабель-өткізгіш өнімдері (КӨӨ) бойынша төлемдерді қабылдау күнін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін ауыстыруды жоспарладық, бірақ содан кейін КӨӨ бойынша төлемнің нөлдік мөлшерлемесін алу туралы шешім қабылданды, ол мерзімсіз болады. КӨӨ бойынша кәдеге жарату алымы төленбейді", - деді Брекешев.

 
Министр "Жасыл даму" АҚ міндеттемелері кеңейгенін және ол толық жұмыс істейтінін айтты.
 

Қазір тергеу шаралары жүріп, құжаттар мен жүйе өткізіліп жатыр. Ол жүйе демалыс күні ғана қосылды, мамандар жұмыс істеп жатыр. Дүйсенбіден бастап ол қалыпты режимде жұмыс істейді. Кәдеге жарату төлемдері қабылданады, министрлікте заң блогы, цифрлық технологиялар, бюджеттік жоспарлау департаменті өкілдерінен комиссия құрылды. Олар қазір жұмыс істеп жатыр және "ӨКМ Операторының" қызметіне сәйкес ақша қаражатының барлық түсімі мен шығыстарын қарайды", - деді ол.

 
Оның айтуынша, екінші деңгейлі банктерде "Жасыл даму" шоттарында шамамен 220 миллиард теңге бар.
 

Бір бөлігі ұлттық валютада, бір бөлігі долларда. Жұмыс жүргізіліп жатыр, жақын арада біз автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасы бойынша кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін бекітеміз", - деп сендірді Брекешев.

 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны