09.06.2022, 16:02 14606

Қазақстан ағаш материалдарын әкетуге тыйым салуды ұзартты

Қазақстан ағаш материалдарын әкетуге тыйым салуды ұзартты
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 9 МАУСЫМ - Шектеу 2022 жылғы 8 маусымда күшіне енген "Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 322 бұйрығымен енгізілген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Аталған тыйым салу отандық ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және ағаш өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында енгізілді, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.
 
Аталған бұйрық алты ай қолданыста болады және ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар" кодын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге тыйым салады.
 
Осыған дейін қолданыста болған "Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 611 бұйрығымен ел аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу 2021 жылғы 7 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 7 маусымды қоса алғанда қолданылған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны