Система Orphus

Қазақстанда автогазға шекті бөлшек сауда бағасы белгіленді

07.07.2022, 16:44 13001
Қазақстанда автогазға шекті бөлшек сауда бағасы белгіленді
Сурет: Depositphotos
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тиісті бұйрыққа қол қойды.
НҰР-СҰЛТАН. 7 ШІЛДЕ - Қазақстанда 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы белгіленген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы "Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" бұйрыққа қол қойды.
 

Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленсін", - делінген құжатта.

 
Осылайша, бұйрыққа сәйкес, шалғай аудандарды қоспағанда, өңірлерде қосылған құн салығы бар келесі шекті бөлшек сауда бағалары белгіленді:
 
Нұр-Сұлтан - литріне 70 теңге; 
 
Алматы - литріне 65 теңге; 
 
Ақтөбе облысы - литріне 50 теңге; 
 
Атырау облысы - литріне 50 теңге; 
 
Ақмола облысы - литріне 70 теңге; 
 
Алматы облысы - литріне 70 теңге; 
 
Шығыс Қазақстан облысы - литріне 60 теңге; 
 
Жамбыл облысы - литріне 60 теңге; 
 
Батыс Қазақстан облысы - литріне 60 теңге; 
 
Қостанай облысы - литріне 70 теңге; 
 
Қызылорда облысы - литріне 60 теңге; 
 
Қарағанды облысы - литріне 70 теңге; 
 
Маңғыстау облысы - литріне 50 теңге; 
 
Павлодар облысы - литріне 70 теңге; 
 
Солтүстік Қазақстан облысы - литріне 70 теңге; 
 
Түркістан облысы - литріне 60 теңге; 
 
Шымкент - литріне 60 теңге; 
 
Абай облысы - литріне 60 теңге; 
 
Жетісу облысы - литріне 70 теңге; 
 
Ұлытау облысы - литріне 70 теңге.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны