12.07.2022, 16:39 12826

Қазақстандық құрылыс компаниялары тұрғын үй бағасын 20%-ға көтерген

Қазақстандық құрылыс компаниялары тұрғын үй бағасын 20%-ға көтерген
НҰР-СҰЛТАН. 12 ШІЛДЕ - Bi Group және Қазақстанның басқа да ірі құрылыс фирмалары тұрғын үй бағасын 20%-ға дейін көтергені анықталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің есебінен кейін белгілі болды.
 
Нарық субъектілерінің әрекеттерінде ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталды, бұл 15 компанияның әрекеттерінде байқалды: Алматыдағы "Базис-А" және Rams Qazaqstan, Нұр-Сұлтандағы BI Group және "Орда Строй Групп", Шымкенттегі "Отау Строй" и "Достык Инвест групп", Қарағанды облысындағы "Евразиян Билдинг", "Проф Инвест", "Халық билдинг" және "Жилой Фонд", Ақтөбе облысындағы "Инвесткомплекс", "Нектар", "Завод Светотехника W", Шығыс Қазақстан облысындағы "Достар май", Service СМУ – VK Invest company тобы.
 
Аталған құрылыс компанияларының заңнаманы бұзушылақары тұрғын үй нарығында бағаны белгілеу және ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерден көрінеді.
 
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламаларына жауап ретінде RAMS-Kazakhstan Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешендерінің бағасын 15%-ға немесе 90 мың теңге/кв.м дейін, БАЗИС-А – 20 мың/кв.м дейін, BI Group Нұр-Сұлтанда 51 ТК бағасын орташа есеппен 8%-ға, Алматыда – 11%-ға, Шымкентте – 3%-ға және Атырауда – 4%-ға төмендетті. Басқа компаниялар бағаны орта есеппен 15-20% төмендетті.
 
Сондай-ақ "Орда Строй Групп" ЖШС-не қатысты жосықсыз бәсекелестік белгісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сот компанияларға 10 млн теңгеден астам айыппұл салды, сондай-ақ бәсекелестік заңнамасының нормаларын сақтау бойынша монополияға қарсы жеті акті жасалды.
 
Ақпарат көзі: 7kun.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны