27.02.2023, 13:49 15361
Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін таратты
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бұған дейін ҚР Сауда министрлігі мен Қаржы министрлігі сауда өкілдігінің жабылуын артық құрылымдарды оңтайландырумен түсіндірді
Астана. 27 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігін тарату туралы қаулыға қол қойды.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесі таратылсын", - делінген құжат мәтінінде.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін ҚР Сауда министрлігі мен Қаржы министрлігі сауда өкілдігінің жабылуын артық құрылымдарды оңтайландырумен түсіндірген болатын.
Ведомствода атап өткендей, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша одан әрі жұмыс Ресейдің барлық ірі қалалары мен аймақтарында құрылған "QazTrade" ССДО АҚ серіктестік желісі арқылы жалғастырылатын болады.
Сонымен бірге Ресей тарапы Қазақстандағы өзінің сауда өкілдігін жабуды жоспарламайтынын мәлімдеді. Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова аталған келісімді жүзеге асыру бойынша барлық міндеттемелер толық көлемде орындалатынын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.06.2026, 14:10 7616
Атырауда балық шаруашылығын дамытуға арналған 100 гектарлық аквазона құрылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Атырауда "Каспий маңы серіктестігі: балық шаруашылығы мен аквакультураны орнықты дамыту" атты халықаралық салалық форум өтіп жатыр. Іс-шара Каспий маңы мемлекеттерінің өкілдерін, жетекші ғалымдарды, сарапшылар мен сала мамандарын бір алаңға жинады. Н. Балғынбаев атындағы орталықта өткен жиында қатысушылар Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға және балық шаруашылығын одан әрі дамытуға қатысты стратегиялық маңызы бар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.
Форумды ашқан Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Атырау облысы тарихи тұрғыда балық шаруашылығы саласының орталығы екенін атап өтті. Мұнда бекіре тұқымдас балықтарды көбейту және балық өнімдерін өңдеумен айналысатын негізгі кәсіпорындар шоғырланған.
Атырау облысының бұл саланы одан әрі дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және инвестиция тартуға әлеуеті зор. Өңір кезең-кезеңімен дәстүрлі балық аулаудан тауарлы балық өсіру мен аквакультураны дамытуға көшуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта Дамбы ауылдық округі аумағында балық өсіруге қолайлы 100 гектарлық аквазона жобасы әзірленіп жатыр. Бұл бастама табиғи балық қорларына түсетін жүктемені азайтуға, өңірде тауарлы балық өндірісін арттыруға, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға және балық шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Каспий маңы елдері арасындағы тәжірибе алмасу, мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы ашық диалог балық биоалуантүрлілігін сақтауға және саланы орнықты дамытуға жаңа тәсілдер қалыптастырады деп сенемін. Форумға қатысып, ынтымақтастыққа дайындық танытқандарыңыз және сала дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін", - деді Серік Шәпкенов.
Пленарлық сессия барысында қатысушылар су биоресурстарын сақтау, балық шаруашылығы кешенін жаңғырту, тауарлы балық өсіруді дамыту және саланың экспорттық әлеуетін арттыру мәселелерін қарастырды.
Аймақтың балық шаруашылығы саласындағы әлеуеті форум аясында ұйымдастырылған балық өнімдері мен тағамдар көрмесінде таныстырылды. Атырау облысынан 7 кәсіпкер өз өнімдерін ұсынды. Көрме жергілікті өндірушілердің мүмкіндіктерін және балық өңдеу саласын одан әрі дамыту перспективаларын айқын көрсетті.
Сонымен қатар бағдарлама аясында фидерлік спорттық балық аулау жарыстары, балық өнімдерінің жәрмеңкесі, "Каспийдің үздік тағамы" аспаздар байқауы, балық шаруашылығы кәсіпорындарына таныстыру сапарлары, Жайық өзенін балық шабақтарымен толықтыруға арналған экологиялық акция және мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2026, 13:17 8196
Алматыға Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келді
Достарға айту
Алматыға Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келді. Бұл - Emirates SkyCargo-ның Орталық Азиядағы алғашқы бағыты, деп мәлім етті Президент кімшілігі бастығының орынбасары Әсел Жанасова.
Жаңа апталық маршрут аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдауға мүмкіндік беріп, қазақстандық экспорттаушылар мен халықаралық сауда үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдегі ең ірі логистикалық хабтардың бірі саналатын Дубаймен көлік-логистика байланысын жаңа деңгейге шығарады.
БАӘ-ге жұмыс сапары барысында Emirates әуе компаниясының басшылығымен кездестім. Авиация, жүк тасымалы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқыладық.
Әріптестерімізге сенім мен серіктестік үшін алғыс білдіремін. Бірлескен жұмыс Қазақстан мен БАӘ арасындағы көлік-логистика байланыстарын одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 19:07 53016
Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және өңдейді
Достарға айту
Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және қайта өңдейді. Бұл туралы маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақ-француз жұмыс тобының отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Отырыс барысында Қазақстан мен Францияның мемлекеттік органдары, геологиялық қызметтері және бизнес өкілдері геологиялық картография, деректер алмасу, зертханалық зерттеулер, геологиялық барлау, жер қойнауын пайдалану және заманауи тау-кен өнеркәсібін дамыту бағыттарындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Сонымен қатар титан және басқа да стратегиялық ресурстарды жеткізу саласындағы серіктестікке, сондай-ақ бизнес құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Олжас Әлібеков Қазақстанның Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген стратегиялық маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіріп әрі өңдейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту және жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері қазақстандық тараптың франциялық серіктестерімен өзара тиімді әрі мазмұнды ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін растап, оларды геологиялық барлау, шикізатты өңдеу және заманауи технологияларды енгізу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті одан әрі ілгерілетуге өзара мүдделі екендіктерін растады және бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыруды жалғастыра беруге уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 13:07 56241
Қазақстанда 1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33%-ға өсуі мүмкін
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Елімізде 1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өсуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан Энергетика министрінің орынбасары Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді.
1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өседі деп күтіп отырмыз. Бұл жылыту маусымынан уақтылы өту және газ инфрақұрылымын жаңарту үшін қажет. Сонымен қатар жеке тұлғалар үшін бағаның күрт өсуі жоспарда жоқ", - деді вице-министр.
Сондай-ақ, елімізде бірқатар кен орындарындағы, атап айтқанда Теңіз кен орнында техникалық ақауларға байланысты газ өндіру көлемі төмендеген.
Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуынша, газ өндірісінің төмендеуі тұрғындарды газбен қамтамасыз етуге әсер етпегендігін атап өтті.
Газ өндіру көлемінің төмендеуі тұрғындарды газбен қамтамасыз ету әсер еткен жоқ, өйткені ұлттық оператор QazaqGaz транзиттік ресурстар есебінен тұтынуды қамтамасыз етті", - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда тұрмыстық тұтынушылар үшін газ тұтыну нормасын енгізу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 11:15 57431
Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 255 млн доллардан асты
Достарға айту
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 255,1 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстан Таиландтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі болып қала береді. Агроөнеркәсіп кешені, тамақ өнеркәсібі, логистика, цифрлық экономика, туризм және инвестициялық ынтымақтастық салаларында өзара іс-қимылды кеңейтудің елеулі әлеуеті сақталуда, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметіне.
Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Корольдігінің Премьер-Министрінің Орынбасары, Сауда министрінің кеңесшісі Адис Харинсутпен және Таиланд Корольдігінің Сауда министрлігінің Ішкі сауда департаменті бас директорының орынбасары Чантхапат Панджаманондпен кездестіКездесу барысында тараптар Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ өзара сауда, инвестициялар және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту жөніндегі шараларды талқылады.
Қыркүйек айына жоспарланып отырған Қазақстан–Таиланд бірлескен сауда комитетінің бірінші отырысына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тараптар Ауыл шаруашылығы жөніндегі жұмыс тобының қызметін және көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, салалық ынтымақтастық тетіктерінің жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.
Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді, сондай-ақ Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді ілгерілетуді қоса алғанда, екіжақты шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдірудің маңыздылығы атап өтіліп, аталған құжаттардың инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және бизнес үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды.
Қытай және Орталық Азия арқылы өтетін бағыттарды қоса алғанда, халықаралық көлік дәліздерін дамыту және логистикалық кедергілерді жою мәселелері бойынша пікір алмасылды. Қазақстан тарапы Таиланд компанияларының Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ нарықтарына шығуы үшін Қазақстанның көлік-логистикалық және сауда хабы ретіндегі әлеуетін неғұрлым белсенді пайдалануға мүдделі екенін жеткізді.
Ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, логистика, цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту және үшінші елдердің, оның ішінде Африка мемлекеттерінің нарықтарында бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары да қарастырылды.
Таиланд тарапы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, Қазақстан нарығының жоғары әлеуетін және тай өнімдерінің қазақстандық тұтынушылар арасында оң қабылданатынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда, инвестициялар және логистика салаларындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады, сондай-ақ Қазақстан–Таиланд әріптестігінің қолда бар әлеуетін іске асыру мақсатында екі елдің бейінді мемлекеттік органдары мен іскер топтары арасындағы белсенді диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 18:47 65356
Америкалық компания Қазақстандағы газ өңдеу және газ химиясы жобаларына қызығушылық танытуда
Америка Құрама Штаттары Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады
Достарға айту
Американдық Air Products компаниясы газ өңдеу, газ химиясы, сондай-ақ көмірді терең өңдеу жобаларына қызығушылық танытуда. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың компания директоры Эдуардо Менезеспен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Ақорда.
Құрама Штаттар - Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі және еліміз өзара тиімді байланысты кеңейтуге мүдделі", деп атап өтті президент.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бастаманы құптап, Қазақстан тарапы оған қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 18:31 65591
83 млрд теңгеге жуық игерілмеген қаражат Ұлттық қорға қайтарылған жоқ - ВАП
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Сенат отырысында Ұлттық қордан бөлінген игерілмеген шамамен 83 млрд теңгенің қорға қайтарылмағанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ұлттық қор қаражаты стратегиялық және ұлттық маңызы бар жобаларға емес, көшелер мен саябақтарды абаттандыру, ауылдық клубтар салу, көше жарығын орнату сияқты жергілікті деңгейдегі жобаларды қаржыландыруға бағытталған.
Ұлттық қор қаражаты стратегиялық және ұлттық ауқымдағы міндеттердің орнына көшелерді, саябақтарды абаттандыруға, ауылдық клубтар мен көше жарығын салуға жұмсалды. Көптеген жобалар жобалық-сметалық құжаттамасыз және жер телімдері дайын болмай тұрып қаржыландыруға енгізілген. Соның салдарынан бюджет орындалу барысында құны 100 млрд теңгеден асатын 132 жоба алып тасталды немесе ауыстырылды", - деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ ол көптеген жобалардың қажетті құжаттары мен дайын инфрақұрылымы болмай тұрып қаржыландырылғанын атап өтті.
Жоғары аудиторлық палатада игерілмеген қаражат Ұлттық қорға уақытылы қайтарылуы тиіс екенін, алайда іс жүзінде бұл талап толық көлемде орындалмай отырғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Ұлттық қор қаражатының миллиардтаған теңгесі заңбұзушылықтармен жұмсалғаны туралы хабарлаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 14:57 67001
Қазақстан бюджетінің кірісі 13,2%-ға өсіп, 1,8 трлн теңгеге жетті - Қаржы министрлігі
Достарға айту
Қазақстан экономикасы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,5%-ға өскен, деп мәлім етті қаржы министрі Мәди Такиев Сенат отырысында.
Министрдің айтуынша, экономикалық өсімнің негізгі көрсеткіштері көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауда салалары болып отыр. Жыл қорытындысы бойынша инфляция 12,3%-ды құрап, орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жетсе, жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде сақталды.
Мемлекеттік борыш белгіленген шек аясында қалып, ЖІӨ-нің 22,8%-ын немесе 36,4 трлн теңгені құрады. 2025 жылдың соңында Ұлттық қор активтері 73,8 млрд АҚШ долларына жетті. Оның ішінде 63,9 млрд доллары валюталық портфельге тиесілі. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 21,4 трлн теңгені құрап, жоспардың 99%-ы орындалды. Тиісінше, жоспардан ауытқу көлемі 336 млрд теңгені құраған.
Бюджет орындалуына мұнайдың орташа бағасының барреліне 75 доллардан 69 долларға дейін төмендеуі, экспорт көлемінің 1,7 млрд долларға қысқаруы және геосаяси ахуалға байланысты 134 ірі кәсіпорынның салық төлемдерінің 709,3 млрд теңгеге азаюы әсер еткен, деп түсіндіріп өтті министр.
Соған қарамастан, республикалық бюджеттің меншікті кірістері 2024 жылмен салыстырғанда 1,8 трлн теңгеге өсіп, өсім қарқыны 113,2%-ды құрады. Салық түсімдері 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға артты. Оның ішінде корпоративтік табыс салығынан түсетін түсімдер 880 млрд теңгеге немесе 24%-ға, ал қосылған құн салығынан түсетін түсімдер 932,5 млрд теңгеге немесе 18%-ға өсті.
Камералық бақылау қорытындысы бойынша бюджетке 388 млрд теңге өндіріліп алынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 126 млрд теңгеге көп.
Сонымен қатар, мемлекет бизнес алдындағы міндеттемелерін орындауды жалғастырды. 2025 жылы бюджеттен 1 трлн 354 млрд теңге көлемінде ҚҚС қайтарылды.
Мәди Такиевтің айтуынша, кірістердің өсуіне экономиканың кеңеюі, корпоративтік табыс салығы мен ҚҚС түсімдерінің артуы, импорт көлемінің ұлғаюы және салықтық әкімшілендіру тиімділігінің жоғарылауы ықпал етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.06.2026, 13:17Алматыға Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келді 20.06.2026, 14:10 7361Атырауда балық шаруашылығын дамытуға арналған 100 гектарлық аквазона құрылады20.06.2026, 15:07 7006Бектенов жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына қарсы бақылауды күшейтуді тапсырды20.06.2026, 14:35 6756"Қазыналы Каспий" халықаралық фестиваліне 5 мыңнан астам атыраулық қатысты20.06.2026, 13:48 2006Ақтөбеде жанармай құю бекетінде автокөлік өртеніп, үш адам қаза тапты
16.06.2026, 09:44 89241ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті16.06.2026, 12:31 88046Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасады17.06.2026, 10:08 87126Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек17.06.2026, 15:02 82181Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі 4,8 млрд АҚШ долларына жетті18.06.2026, 19:35 78816Алматыда МАГАТЭ-нің зерттеу реакторлары жөніндегі халықаралық конференциясы өтеді
22.05.2026, 20:31 251881Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237586Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 208016ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 195091Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 195086Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

