19.05.2025, 15:09 66611

Алматы-Петропавл авиарейсі 1 шілдеден бастап коммерциялық негізге ауыстырылады

Алматы-Петропавл авиарейсі 1 шілдеден бастап коммерциялық негізге ауыстырылады
Алматы - Петропавл бағыты бойынша субсидияланған әуе рейстерінің бағдарламасы сәтті аяқталып, рейс жүктемесі өзін-өзі ақтады. Бұл бағыт 2025 жылғы 1 шілдеден бастап коммерциялық негізде орындалады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Билет құны бір бағытқа 30 000 теңге болды. Коммерциялық модельге көшуіне байланысты билет бағасы 15 270 теңгеден басталмақ (тариф пен сатып алу уақытына байланысты құны өзгеріп отырады).

Айта кету керек, рейстердің жиілігі сақталады. SCAT әуе компаниясы аптасына бес рет рейс орындайды, ұшу ұзақтығы - екі сағат.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны