Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған бұл республикалық индустриялық аймақта отандық және шетелдік жетекші компаниялардың өндірістері орналасады. Өндірістік қуаттардың шоғырлануы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу, логистика және басқа да салаларға мультипликативті әсер етіп, өңірдің дамуына тың серпін береді", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Бұл - еліміз үшін аса маңызды жоба. Оның аясында жаңа өндіріс ошақтары іске қосылып, халықты жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейеді. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, өнеркәсіпті өркендетуге айрықша назар аударып отыр. Осы бағытта жер телімдерімен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым тарту секілді қолдау шаралары жүйелі түрде іске асырылуда. Тек биылдың өзінде республика бойынша 180-ге жуық индустриялық жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі - бүгін іргетасына капсула салынған "AQMOLA" индустриялық аймағы. Оның елордаға жақын орналасуы - айқын артықшылық. Бұл жоба елорда мен еліміздің дамуына елеулі үлес қосады деп сенемін", - деді министр.
Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіптің жаңа бағытын қалыптастыратын жобаны жүзеге асыру - біздің компания үшін үлкен мәртебе. Бұл - өз саласындағы ең озық жобалардың бірі. Біз бұл жобаға 900 миллиард теңге инвестиция құйып отырмыз. Жақын арада кәсіпорында мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Өнімнің бағасы мен сапасын арттыру үшін біз биоферментация мен биоинженерия салаларындағы соңғы технологияларды қолданамыз. Өнім Қытай, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа нарықтарында үлкен сұранысқа ие болады", - деді Dalian Hesheng Holdings компаниясы филиалының директоры Яо Сунь.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

