22.05.2025, 17:09 63116

Астанаға Қытайдан заманауи маневрлік тепловоздар жеткізілді

Астанаға Қытайдан заманауи маневрлік тепловоздар жеткізілді
Астана локомотив пайдалану депосында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен China Railway Rolling Stock Corporation (CRRC) корпорациясы арасындағы негіздемелік келісім шеңберінде қойылған заманауи маневрлік тепловоздарды қабылдау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

Маневрлік тепловоздарды жеткізу туралы келісімге 2023 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол қойылды.

Лентаны кесу құрметі құқығы депода көп жылдар жұмыс істеген және биыл жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толғанға дейін төлейтін салалық жәрдемақыға шығатын құрметті машинистер Нұрбек Сембиев пен Серкебай Майкеновке берілді.

Машинистердің айтуынша, жаңа локомотивтер жайлылықтың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Кабинада тағамды жылытуға арналған плита, ауа баптағыш және тоңазытқыш бар, бұл жұмыс жағдайын едәуір ыңғайлы етеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны