16.06.2025, 10:53 50671
Астанада Power Central Asia + China бірінші өңірлік энергетикалық форумы басталды
Достарға айту
Бүгін Астанада Power Central Asia + China алғашқы өңірлік энергетикалық форумы басталды. Халықаралық шара ҚР Энергетика министрлігі мен "Инфрақұрылым және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығының" (АСИИР) ұйымдастыруымен өтуде. "Орталық Азия - Қытай" саммиті аясында ұйымдастырылған басқосуда үкіметтік және іскерлік топ өкілдері энергетика, өнеркәсіп және жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық бастамаларды талқылап, іске қосуды жоспарлауда, деп хабарлайды нің баспасөз қызметінен.
Форумның басты мақсаты - Мемлекет басшылары қол жеткізген екі ел арасындағы саяси ынтымақтастық пен келісімдерді іске асыру. Нәтижесінде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтатын, шикізатты терең өңдеуді жеделдететін және тиімді энергетикалық экономикаға көшуге жағдай жасайтын стратегиялық жобалар жүзеге асып, ірі инвестициялық келісімдер жасалады.
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жиынды ашып, өз сөзінде форумның негізгі басымдықтарын атап өтті:
Энергетикалық ынтымақтастық - Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестіктің өзегі. Бүгінде біз "алтын отыз жылдыққа" қадам баса отырып, мемлекетаралық байланысты дамыту тарихында жаңа деңгейге көтеріліп жатырмыз. Негізгі бастамалар қатарында - Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауыт салу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында ауқымды жобаларды іске асыру бар. Бұл - әртараптандырылған, технологиялық экономика құруға бағытталған қадамдар".
Пленарлық сессия барысында Қазақстан мен Қытай өкілдері стратегиялық келісімдер арқылы жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды:
Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту: ҚР Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" АҚ мен CNPC зауыт қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін арттыруға бағытталған негіздемелік келісімге қол қояды. Нәтижесінде еліміздің шикізат өңдеу, мұнай өнімдерін экспорттау әлеуеті артады.
Газ саласы: Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауытты іске қосу. Негіздемелік келісім "QazaqGaz" ҰК, Ақтөбе облысы әкімдігі мен қытайлық серіктестер арасында жасалады. Сонымен қатар, China Construction Bank Corporation инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін 1 млрд доллар көлемінде несиелік желі ұсынатын болады.
"Жасыл" энергетика: Форум жаңа бастамаларға жол ашады. Мәселен, энергия жинақтау құрылғысымен жабдықталған "Сауран" күн электр станциясының құрылысы, China Southern Power Grid компаниясымен гидроаккумуляциялық станциялар салу және China Energy International компаниясымен сутегі энергетикасы саласында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған.
Қытайлық PowerChina, Huawei және Longi корпорациялары Қазақстан аумағында озық технологияларды енгізіп қана қоймай, оларды жергіліктендіруге де дайын екендіктерін жеткізді. Форум аясында зерттеу және даму (R&D) орталықтарын құру, цифрлық шешімдерді енгізу және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту жөнінде бірқатар келісімдер жасалады.
Форумдағы шешуші сәт - энергетика саласының жетекші өкілдері мен инвесторлардың келісімдер топтамасына ресми қол қою рәсімі. Негізгі құжаттардың қатарында Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту, газ-химия өндірісін құру және жаңартылатын энергия көздері технологияларын енгізу жөніндегі келісімдер бар.
Power Central Asia + China форумы Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын көрсетті. Қол қойылған келісімдер мен ауқымды жобалар өңірлік энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты экономиканың негізі болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.01.2026, 13:24 1996
Алматы облысында инвестиция көлемі 88 млрд теңгеден асатын үй жануарларына арналған азық өндіру зауыты салынады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
ҚР Президентінің Алматы облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде үй жануарларына арналған дайын жем өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі "Mars Petcare Kazakhstan" ЖШС-мен Қонаев қаласында зауыт салу туралы келісім жасады. Инвестицияның жалпы көлемі 88,8 млрд теңгеден асатын кәсіпорынның жобалық қуаты - жылына 100 мың тонна өнім.
2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін нысанды салу және пайдалануға беру жоспарланған. Жұмыс 2031 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Зауытта 200 жұмыс орны ашылады, оның кемінде 85%-ы қазақстандықтар үлесіне тиесілі. Сонымен қатар компания кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Жобаны жүзеге асыру еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып, қосылған құны жоғары өнімдер желісін кеңейтуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және өңірде тұрақты өндірістік базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.01.2026, 11:22 2386
1,6 мың шақырым жол және 2 мыңға жуық жаңа вагон: теміржол саласында не өзгереді
Достарға айту
Көлік инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту жөніндегі Президент тапсырмаларын жүзеге асыру іс жүзінде орындаудың белсенді кезеңіне өтті. Бұл туралы ҚР көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол саласы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді: тасымалдау көлемі шамамен 318 млн тоннаға жетті, бұл саланың тұрақты өсіп келе жатқанын растайды. 2026 жылы тасымал көлемі 327 млн тоннаны құрайды деп болжанып отыр. Бұл ретте транзиттік тасымал жыл сайынғы тұрақты өсімді 20% деңгейінде көрсетеді.
Еліміздің толыққанды теміржол қаңқасын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Биыл "Достық - Мойынты" және "Алматы айналма жолы" сияқты ірі жобалар аяқталды, олардың жалпы ұзындығы - 911 шақырым. Бұл желінің өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға және транзиттік тасымалдарды жеделдетуге мүмкіндік берді. Келесі жылы "Қызылжар - Мойынты" және "Дарбаза - Мақтаарал" учаскелерінде стратегиялық құрылыс жобалары, сондай-ақ "Алтынкөл - Жетіген" және "Бейнеу - Маңғыстау" бағыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады", - деп атап өтті вице-министр.
Бұған қосымша пойыздарды реттеудің заманауи жүйелері енгізілуде, бұл теміржолдардың қозғалыс қауіпсіздігі мен өткізу қабілетін тікелей арттырады.
Теміржолдарды күрделі жөндеу жалғасуда, 2025 жылы 1,5 мың шақырым жол жөнделді, ал 2026 жылы 1,6 мың шақырым жөндеу жоспарланған.
Одан бөлек 236 локомотив, 1,4 мыңнан астам жүк және заманауи 191 жолаушылар вагонын жеткізу жоспарлануда.
Бұл көлік қызметтерінің сенімділігі мен сапасын айтарлықтай жақсартады.
Халықаралық көлік дәліздері де қарқынды дамып келеді. Олар - Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) және Солтүстік - Оңтүстік бағыттары.
ТХКБ-ның өткізу қабілетін арттыру шеңберінде порттар инфрақұрылымын жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда, мәселен, отандық сауда флоты 4 пароммен толықтырылады. 2026 жылы контейнерлер тасымалы көлемін 90 мың ЖПЭ-ге дейін жеткізу жоспарлануда.
Келесі жылы Солтүстік - Оңтүстік дәлізі бойынша елдің батыс өңіріндегі теміржол учаскелерін жаңғырту аяқталады.
Президент тапсырмалары аясында елімізде вокзалдарды жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде және 2026 жылы аяқталады.
Осылайша, 2026 жыл Қазақстанның заманауи әрі орнықты, бәсекеге қабілетті көлік жүйесін қалыптастыратын негізгі инфрақұрылымдық жобаларының аяқталып, іс жүзінде жемісін бере бастаған кезеңі болады", - деп атап өтті Жәнібек Тайжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.01.2026, 13:20 2636
Елімізде құны 103 млрд теңге болатын толық циклді биофармацевтикалық кешен салынады
Достарға айту
ҚР Президентінің фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда ірі стратегиялық инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Құжатта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен "Khan Tengri Biopharma" ЖШС арасындағы "Алатау" арнайы экономикалық аймағында заманауи "Биофармацевтикалық толық циклді кешен салу" жөніндегі инвестициялар туралы келісім жобасы мақұлданды.
Нысан дәрілік заттар өндірісінің озық технологияларымен жабдықталады деп жоспарлануда. Негізгі мақсат - 58 препарат түрін шығаратын өндіріс қуатын құру. Толық циклді іске қосуға, оның ішінде белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндіруге ерекше назар аударылады.
Кешеннің өндірістік портфеліне 27 халықаралық патенттелмеген атауы бар, соның ішінде онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттар кіреді.
Инвестициялардың жалпы көлемі 103 млрд теңгеден асады. Кешенде 180-нен астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.
Жобаны жүзеге асыру еліміздің фармацевтика саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие және локализацияны кеңейтуге, орнықты өндірістік базаны қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар препараттардың импортын кезең-кезеңімен алмастыруға бағытталған. Одан бөлек, шығарылатын өнімнің бір бөлігін ЕАЭО, ТМД елдерінің, сондай-ақ Таяу Шығыс мемлекеттерінің нарықтарына экспорттау жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.01.2026, 10:26 57566
Жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері қандай
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Құжат салық салу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Сонымен қатар салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, бизнес пен жеке тұлғаларға арналған цифрлық сервистерді енгізеді, деп хабарлайды Inform.kz.
Негізгі өзгерістер
-Корпоративтік табыс салығы 20 пайыз деңгейінде сақталады, бірақ сараланған тәртіппен қолданылады:
- банктер мен ойын бизнесі үшін - 25 пайыз;
- әлеуметтік сала ұйымдары үшін - 2026 жылы - 5, 2027 жылы 10 пайыз;
- ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін - 3 пайыз (жеңілдік мөлшерлеме сақталады).
-Қосылған құн салығы 16 пайызға көтеріледі. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген мынадай мөлшерлеме белгіленеді:
- 2026 жылы- 5
- 2027 жылы- 10 пайыз.
- Алтегін медицина, әлеуметтік сақтандыру, кітап басып шығару және археологиялық жұмыстар қосылған құн салығынан босатылады.
-Жеке табыс салығы прогрессивті жүйеге көшеді. 8 500 АЕК-тен (жылына шамамен 34млн теңге) асатын табысқа 15 пайыз мөлшерлеме қолданылады. Сондай-ақ дивидендтерге депрогрессивті салық шкаласы енгізіледі. Бұл ретте зейнетақы төлемдеріне берілетін салықтық жеңілдіктер сақталады.
-Қосымша акциз салығы (10%) енгізіледі, қымбат өнімдерге қатысты:
- бағасы 75 млн теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге;
- 100 млн теңгеден жоғары тұратын кемелерге;
- литрі 500 мың теңгеден қымбат алкогольге;
- бір данасы 10 мың теңгеден асатын сигарларға.
Егер жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450млн теңгеден асса, мүлік салығы өседі.
Салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі енгізіледі
Әкімшілендіруде басты назар "фискалдық сүйемелдеуді" енгізу арқылы тіркелуден бастап, барлық әрекет кезінде бизнеске қолдау көрсетуге бағытталады. Бұған көп жағдайда түрлі интернет-платформаларда салықтық электрондық сервистерді дамыту ықпал етеді.
-Салықтық әкімшілендірудің әрбір кезеңінде шаралар қарастырылған. Шаралар негізінен ойға салуға, кеңес беруге қатысты болады. Айталық, салық декларациясын толтыру барысында осындай қызмет жүзеге асырылады. Мұндай мүмкіндік салықтық бақылау түрінде қолданылып, салық төлеушіге қателіктерге бой алдырмауға септігін тигізеді. Келесі кезеңдерде детүрлі сервистер көзделген. Олар салықты қосымша консультациялық қызметтерге, бухгалтерлерге жүгінбей-ақ жеңіл төлеуге жол ашады,- деген еді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.
ҚҚС төлеушіні тіркеу
Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу кезінде Digital ID(Face ID) арқылы басшының аутентификациядан өтуі міндетті болады. Бұл бастапқы кезеңде-ақ жалған электронды шот-фактуралар жазып берудің жолын кеседі. Бұдан басқа, ҚҚС төлеуші ретінде тіркелгеннен кейін салық төлеуші ЭШФ ақпараттық жүйесін қалай дұрыс пайдалану керектігі, ҚҚС әдіснамасының негізгі ұғымдары, ЭШФ мерзімдері, декларацияны тапсыру мерзімдері сияқты кейбір базалық дағдыларды үйренуге тиіс болады.
Салық есептілігін ұсыну оңтайландырылады
Жалпы, 2009 жылдан бастап бүгінге дейін салық есептілігі нысандарының саны 44 пайызға немесе 70-тен 41-ге дейін қысқартылды. Енді олар 28-ге дейін азайды. Бірақ, бұл ретте есептілікке салық жеңілдіктерін қолдану кезінде толтыру үшін міндетті жолдар қосылды. Егер міндеттемелер сомасы 1млн теңгеден аспаса, мүлік салығы мен жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі алынып тасталды. Егер төлемдердiң сомасы 1млн теңгеден кем болса, онда салық төлеушi жыл қорытындысы бойынша декларацияны 1 рет қана тапсырады және тиiсiнше төлем жүргiзедi.
Көлік құралдарына салынатын салық бойынша есептер мен декларациялар ұсыну алынып тасталды. Есептеу жол полициясы органдарының деректері бойынша жүргізіледі.
Сондай-ақ, маңызды жаңалықтардың бірі- салық есептілігін ұсынбағаны үшін "айыппұлдардан" бас тарту. Егер салық төлеуші декларацияны ұсынбаса, онда декларация 0 көрсеткішімен ұсынылған болып есептеледі. Салық төлеушіде салық есептілігінің қосымша нысанын табыс ету құқығы қалады. Тиісінше, есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталады.
Салықтық тәуекелдерді басқарудың жаңа моделі
Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі фискалдық әкімшілендірудегі маңызды құрамдас бөліктердің бірі. Тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы жүйесі бизнес тарапынан көптеген сұрақтар туындатады. Қолданылатын өлшемшарттарға, олардың құпиялылығына шағымдар болды. Осыған байланысты тәсілдер қайта қаралды. Бірінші кезекте тәуекелдерді басқару жүйесіне көзқарас өзгерді. Жаңа Салық кодексінде салық төлеушілерді тәуекел дәрежесіне жатқызудан бас тартылды. Қазір Мемлекеттік кірістер комитетінде тіркеуден бастап жою процесіне дейін салық төлеушінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде туындауы мүмкін тәуекелдер тізілімін қалыптастыру бойынша жұмыс басталды.
Мәжбүрлеп өндіріп алу
Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері айтарлықтай қайта қаралды. Егер қазір салық берешегі 6 АЕК-тен, аләлеуметтік аударымдар бойынша берешек 1 теңгеден өндіріліп алынса, енді бұл шек тиісінше 20 және 6 АЕК-ке дейін көтерілді. 20 АЕК-ке дейін салық берешегінің пайда болуы туралы хабарлама ғана жіберіліп, тек өсімпұл ғана есептеледі. Басқа тәсілдер мен шаралар қолданылмайды.
20-дан 45 АЕК-ке дейінгі берешек кезінде хабарлама жіберіледі, борыш өтелмеген жағдайда салық берешегі сомасына шығыс операциялары тоқтатылады және тек содан кейін ғана (қарызды өз бетінше өтемеген жағдайда) инкассалық өкімдер қойылады.
Берешек 45 АЕК-тен жоғары болған жағдайда мүлікті тізімдеу және сату, дебиторлар есебінен өндіріп алу қолданылады.
Берешек 27 000 АЕК-тен жоғары болған әрі берешек 3 айбойы өтелмеген жағдайда сот актісі негізінде заңды тұлғаның бірінші басшысының елден шығуына шектеу қойылады. Бұл жаңашылдық 2026 жылдың 1 маусымынан күшіне енеді.
Берешекті бөліп төлеу
Жаңа кодексте бизнесті қолдаудың жақсы шарасы ретінде салық берешегі 1 500 АЕК (5,9млн. теңге) дейінгі салық төлеушілерге мүлік кепілінсіз және банк кепілдігінсіз 1 жылға дейінгі мерзімге мерзімін ұзарту небөліп төлеуді ұсыну көзделген. Бұл борышкерді кепіл мүлікке бағалау жүргізуден және оны міндетті сақтандырудан босатуға, сондай-ақ бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, деңгейлес мониторингіге қатысушыға кейінге қалдыру (бөліп төлеу) мүлік кепілінсіз және банк кепілдігінсіз 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі. Мұндай салық төлеушілердің өлшемдері Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген.
Салықтық тексеру
Салықтық тексерулер бойынша жоспарлы тексерулер болмайды. Тексерулерді тағайындау Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс аясында алдын ала тыңдау рәсімімен салық төлеушінің қызметін талдау қорытындылары бойынша жүргізіледі. Шағын бизнес субъектілері үшін салық тексеруін 2-ге дейін тоқтата тұру саны бойынша шектеу қойылған. Бұл шаралар тексерулердің созылуын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, салықтық тексерулер электронды форматқа көшірілді. Нұсқама ғана қолма-қол беріледі, алсалық төлеушінің тексерушімен өзара іс-қимылы салық төлеушінің кабинеті арқылы болады.
Салықтық әкімшілендіруді "таза парақтан" жүргізу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жедел шаралар аясындағы тапсырмасын орындау үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнеске қатысты салықтық әкімшілендіруді "таза парақтан" жүргізу көзделіп отыр. Бұл ретте кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мынадай шаралар іске асырыла:
- белгілі бір жағдайларды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін камералдық бақылау, салықтық тексерулер жүргізу алынып тасталады;
- 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңдері бойынша мәмілелер жарамсыз деп танылады және тіркеу (қайта тіркеу) туралы сот талаптарын беру тоқтатылады;
- камералдық бақылау жүргізбей кәсіпкерлік субъектілерін таратудың оңайлатылған рәсімі жүргізіледі;
- салық есептілігін ұсынбаған, ҚҚС бойынша міндетті есепке қою тәртібін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады;
- 2026 жылғы 1 сәуірге дейін негізгі қарызды өтеу кезінде салықтар мен төлемдер бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2025, 16:24 70556
"Xinjiang Lihua" Қазақстандағы инвестиция көлемін 600 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен "Kazakh Invest" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек "Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd." компаниясының бас директоры Сюй Цземен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың қазіргі жағдайын, сондай-ақ оны кеңейту жоспарларын талқылады. Жоба мақта өсіру мен бастапқы қайта өңдеуді, иірімжіп пен тоқыма өнімдерін шығаруды, тамшылатып суару жүйелерін және ілеспе материалдарды өндіруді қамтитын, 10-ға дейін өндіріс нысандарын біріктіретін толық циклді қалыптастыруды көздейді.
Бастапқыда жобаның инвестиция көлемі 450 млн АҚШ доллары деңгейінде бағаланған болатын, алайда кездесу барысында өндірістік бағдарламаны кеңейту және қуаттарды ауқымдандыруға байланысты салымдардың жалпы көлемін 600 млн АҚШ долларына дейін ұлғайту ниеті расталды.
Қазіргі таңда жоба аясында "TURAN" АЭА аумағында ПВХ құбырларын өндіретін зауыт пайдалануға берілді, иіру кәсіпорнында жабдықтарды монтаждау аяқталуға жақын, мақта тазалау бойынша екі зауыт жұмыс істеп тұр, сондай-ақ тамшылатып суару ленталарын өндіруде жабдықтарды орнату жүргізілуде. Барлық объектілерді толық іске қосу 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Кластерді іске асыру 4 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және өңірде жергіліктендіру деңгейі жоғары тұрақты индустриялық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ә.Қуантыров "Xinjiang Lihua" жобасының ұлттық өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және "Made in Kazakhstan" брендімен өнімді ілгерілету үшін маңызды екеніне тоқталды. "Біз үшін инвестиция тартумен қатар, ел ішінде жоғары қосылған құны бар толыққанды өндірістік тізбектерді қалыптастыру аса маңызды. Осындай ауқымды жобалар "Made in Kazakhstan" брендімен бәсекеге қабілетті өнім шығаруға негіз қалыптастырады, экспорттық әлеуетті нығайтады және өңірлердің дамуына ықпал етеді. Мемлекет барлық объектілердің уақтылы іске қосылуына мүдделі және инвесторға қажетті қолдау көрсететін болады", - деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысының орынбасары.
Компанияның жоспарларына пікір білдірген С.Цзе инвестиция көлемінің ұлғаюы инвестордың Қазақстандағы ұзақ мерзімді ниетін көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, компания Қазақстанды экспорттық әлеуеті бар өндірісті дамыту үшін негізгі алаң ретінде қарастыра отырып, жобаны кеңейту және жалпы инвестиция көлемін 600 млн АҚШ долларына дейін арттыру туралы шешім қабылдады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар "Kazakh Invest"-пен салалық мемлекеттік органдардың сүйемелдеуімен өндірістік қуаттарды синхронды түрде іске қосуға және жобаны белгіленген мерзімдерде тиімді іске асыруға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2025, 15:21 70861
Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар. 2025 жылдың 9 айының қорытындылары
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны бойынша деректерді жариялады. Статистика тұрақты өсімді және экономиканың инвестициялық моделіндегі маңызды құрылымдық өзгерістерді көрсетеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
ТШИ-дың жалпы ағыны
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $14,9 млрд-ты құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ($13,4 млрд) 10,9%-ға артық.
Өңдеу өнеркәсіпке басымдықтың артуы
Өңдеу өнеркәсіпке салынған инвестициялар $3,2 млрд-қа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда ($2,6 млрд) 23,5%-ға өсті.
Бұл ретте өңдеу секторға салынған инвестициялар 2011 жылдан бері алғаш рет тау-кен өндіру өнеркәсібіне тартылған инвестициялардан асып түсті, онда 9 айдың қорытындысы бойынша $2,6 млрд тартылған. Бұл қайта өңдеу мен өндірістің пайдасына қарай ТШИ құрылымының сапалы өзгергенінің маңызды индикаторы болып табылады.
Инвесторлар географиясы
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ірі инвестор елдердің қатарына мыналар кірді:
Нидерланды, Қытай, Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Швейцария, Корея Республикасы, Бельгия, Франция және Германия.
Кең география капитал көздерінің әртараптандырылғанын және дәстүрлі әрі жаңа серіктестер тарапынан тұрақты қызығушылық бар екенін растайды.
Катар инвесторлары белсенділігінің өсуі
Катар инвестицияларының күрт өсуі бөлек атап өтіледі. Егер 2023 жылы Катардан тартылған тікелей инвестициялар көлемі шамамен $9 млн болса, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш $1,2 млрд-қа дейін өсті.
ТШИ-дың таза ағыны
2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағыны $1,2 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ($498,4 млн) 2,4 есе көп.
Қорытынды
2025 жылдың 9 айындағы деректер Қазақстанның ТШИ көлемін арттырып қана қоймай, өңдеуші өнеркәсіптің пайдасына қарай құрылымдық ығысуын, инвесторлар географиясының әртараптандырылуын және капиталдың таза ағынының орнықты өсуін бекітіп отырғанын көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2025, 11:58 71521
Ақтөбе облысында 41,9 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады: Үкімет инвестициялар туралы келісімді мақұлдады
Достарға айту
Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Ақтөбе облысында "Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу" туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жобаның инвесторы - "Кока-Кола Алматы Боттлерс" БК ЖШС. Жаңа өндірістік кешенге салынған инвестициялардың жалпы көлемі 41,9 млрд теңгені, жобалық қуаттылығы жылына 280 млн литр өнімді құрайды.
Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқарудың экологиялық таза жүйелері бар озық технологиялармен жабдықталмақ. Бұл зауыттың еліміздің тұрақты өнеркәсіптік экожүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Жобаны жүзеге асыру өңірде 120-дан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Зауыттың құрылысы 2026 жылы басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2025, 17:57 71771
Экономикалық қауіпсіздік жөніндегі ВАК отырысында азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері қаралды
Достарға айту
Азық-түлік қауіпсіздігі және негізгі азық-түлік өнімімен өзін-өзі қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықты мұнай өнімімен толықтыру мәселесі экономикалық қауіпсіздіктің негізгі факторының бірі ретінде Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің ведомствоаралық комиссиясы отырысында қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан екінші жыл қатарынан рекордтық дәнді дақыл өнімін жинауда. 2025 жылы жалпы алым 27,1 млн тоннадан асты. Майлы дақыл өнімі алғаш рет 4,8 млн тоннаға жетті. Картоптың жалпы өнімі 2,9 млн тонна. Бұл өткен жылғы деңгейден 300 мың тонна артық.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов атап өткендей, дәнді, бұршақты, майлы және көкөніс өндіру көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толықтай жауып, экспорттық әлеуетті қалыптастырады.
2025 жылы негізгі азық-түлік бағасының динамикасына әлемдік баға конъюнктурасы мен логистикалық шығын секілді сыртқы фактор айтарлықтай әсер етті. Ең жоғары баға қысымы ет және сүт өніміне, сондай-ақ майға әсер етуі жалпы әлемдік тенденцияға сәйкес келеді. ФАО мәліметіне қарағанда, қарашадағы ет бағасы индексі 124,6 тармақ, май мен май 165%, сүт өнімі 137,5%. Биыл сиыр еті бағасының өсуі айқын көрінді. Бұл ішкі нарықтағы бағаны ұзақ жылдар бойы ұстап тұру кезіндегі сыртқы нарықтағы жоғары сұранысқа байланысты.
Жыл ортасынан бастап мемлекеттік реттеуге жататын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бағасы тұрақтандырылды. Соңғы алты апта қатарынан ӘМАТ бағасының орташа индексі нөлдік деңгейде сақталуда. Баға мемлекеттік реттеу шаралары кешені мен нарықты тікелей қанықтыру есебінен тежелді. Оның ішінде негізгі позицияларға (тұз, жұмыртқа, картоп, күнбағыс майы) баға белгіленіп, тірі малды әкетуге тыйым салынды. ІҚМ еті экспортын квоталау бойынша отандық өндірушілермен меморандумдар жасалды.
Отандық тауар өндірушілер өнімін қолдау үшін Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын отандық өндіріс тауарына сөре кеңістігінің кемінде 30%-ын беруге міндетті ішкі сауда субъектілерінің шеңберін кеңейтті. Осы жылдан бастап талап тек сауда желілеріне ғана емес, сонымен қатар барлық ішкі саудадағы шамамен 760 мың шаруашылық жүргізуші субъектілерге де қолданылады.
Мал шаруашылығын дамыту үшін 2026 жылы саланы дамытудың Кешенді жоспарын жүзеге асыру басталады. Құжат мал шаруашылығының барлық бағыты бойынша айналым қаражатына жеңілдікпен несие беруді, асыл тұқымды мал басын сатып алуды қаржыландыруды, шалғайдағы жайылымдардың инфрақұрылымын дамытуды және саланы кадрмен қамтамасыз ету шараларын көздейді.
Осы жылғы қыркүйекте бордақылау алаңдарын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын қаржыландыру басталды. Жалпы салаға кемінде 200 млрд теңге кредиттік қаражат бөлу жоспарлануда. Алдағы уақытта қаржыландыру көлемі ұлғаяды", - деді Азат Сұлтанов.
Отырыста импортқа тәуелділігі басым азық-түлік өндірісінің тұрақты өсуі атап өтілді. 2025 жылғы 11 айда ірімшік пен сүзбе өндірісі 48,5 мың тоннаға (+8,7%), қант 142,2 мың тоннаға (+18%), құс еті 337,1 мың тоннаға (+3,3%), шұжық өнімі 71,7 мың тоннаға (+6,9%), балық өнімі 65,2 мың тоннаға жетті (+9,5%).
Импортқа тәуелділіктен толық арылу үшін инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Құс шаруашылығында жалпы қуаттылығы жылына 241 мың тонна ет болатын 167,9 млрд теңге сомаға 2028 жылға дейін аяқталатын 8 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қант саласында 2026 жылы Жамбыл облысында қуаттылығы тәулігіне 8 мың тонна шикізат болатын Zhongkai Guoyuan (Anhui) қант зауытының құрылысы басталады. Алматы облысында "Qazaq Arab Sugar" инвесторымен бірінші кезеңде осындай қуатты зауыт салу туралы келісімге қол қойылды.
Ірімшікпен, сүзбемен және шұжық өнімімен қамтамасыз етуді ұлғайту үшін 2026 жылы 35,1 млрд теңге сомасына сүтті қайта өңдеу бойынша 10 жобаны және 32,8 млрд теңге сомасына етті қайта өңдеу бойынша 14 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Шикізат базасын Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау шеңберінде құрылатын жаңа тауарлы сүт фермалары (ТСФ) қамтамасыз етеді. Жалпы қуаттылығы жылына 540 мың тонна сүт өндіретін 95 ТСФ қаржыландырылып, оның ішінде 53 ферма пайдалануға берілді.
Отырыста атап өтілгендей, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімінің экспорты өсуде. Өсімдік шаруашылығында экспорт көлемі құндық мәнде $2,3 млрд, 41,2%-ға артты. Өсу бидай, күнбағыс майы, мал азығы, арпа және зығыр тұқымы секілді дәстүрлі экспорттық позициялар есебінен қамтамасыз етілді. Мал шаруашылығында экспорт 25,7%-ға өсіп, $222,6 млн-ға жетті.
Сыртқы нарықта қазақстандық АӨК өніміне сұраныс тұрақты сақталуда. Экспорттық жеткізілімнің 80%-дан астамы топ-10 импорттаушы елдің есебінен қалыптастырылады. Бұл ретте Орталық Азия, Қытай және Ресей елі, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Еуропа мемлекеті негізгі нарық болып қала береді.
Біздің міндетіміз - дәстүрлі нарықтағы позицияны нығайтып қана қоймай, жаңа перспективаны белгілеу есебінен экспорт аумағын дәйекті түрде кеңейту", - деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Ол үшін сыртқы сауда-логистикалық инфрақұрылым құрылып, экспортты қолдау құралы кеңейтілуде. Қазақстандық өнімді ілгерілету үшін БАӘ, Моңғолия мен Индонезияны қосқанда, бірқатар елмен ЕАЭО-ның еркін сауда туралы келісімі есебінен қосымша жағдай жасалған.
Экспортты қаржылық және институционалдық қолдау Экспорттық-кредиттік агенттік және "QazTrade" АҚ арқылы жүзеге асырылады. Жыл басынан бері АӨК өнімін экспорттаушыларға шамамен 119 млрд теңге қолдау көрсетілді. Экспорттық акселерация бағдарламалары мен сауда-экономикалық миссиялар жүзеге асырылып, олардың қорытындысы бойынша экспорттық келісімшарттар жасалады.
Отырыста ішкі нарықты мұнай өнімімен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025-2040 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленген. Ол мұнай өңдеу көлемін 2025-2032 жылдары жылына 18 млн тоннадан 30 млн тоннаға, 2040 жылға қарай 40 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздейді.
Жиынды қорытындылай келе, Вице-премьер Энергетика министрлігіне "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, отынның жаңа түрі мен стратегиялық маңызды өнім өндіру үшін көмір химиясын дамыту әлеуетін егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне фермерлердің қарсы міндеттемелеріне баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.01.2026, 10:55Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты" 05.01.2026, 08:55 32962026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады және жөнделеді05.01.2026, 09:58 3006Президент тапсырмасы бойынша Павлодар әуежайын реконструкциялау қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылады05.01.2026, 11:10 2471Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылды05.01.2026, 13:08 866Солтүстік Қазақстан облысында жылына 12,7 мың тонна тәтті бәліш пен қытырлақ нан өндіретін жоба жүзеге асырылуда
30.12.2025, 10:14 134166Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті29.12.2025, 21:42 132756Республикалық үшжақты комиссия еңбек саласындағы қатердің алдын алу шараларын күшейтуде30.12.2025, 20:36 114931Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды: зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсету кабинеттері ашылады31.12.2025, 12:02 114476Президент ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларына Үндеу жасады31.12.2025, 17:05 113821Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
17.12.2025, 17:47 232066Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227581Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225861Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222866Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213846Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

