07.10.2022, 15:09 11856

Атыраудағы "ҚазТрансГаз Аймақ"-та жүргізілген тексеру барысында бірқатар өнеркәсіптік қауіпсіздік бұзушылықтары анықталды

Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және айыппұлдар түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Атыраудағы "ҚазТрансГаз Аймақ"-та жүргізілген тексеру барысында бірқатар өнеркәсіптік қауіпсіздік бұзушылықтары анықталды
Сурет: qazaqgaz.kz
АТЫРАУ. 7 ҚАЗАН - "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Атырау филиалында жүргізілген тексеру нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 14 бұзушылығы анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ақпараты бойынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
 
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды, олардың білімін тексеруді қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау;
  • тексеру мерзімі өткен бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарын қолдануға рұқсат беру;
  • өндірістік бақылау туралы Ереженің шарттарын орындамау;
  • газбен жабдықтау объектілерінің қауіпсіздік талаптарын сақтамау;
  • персоналдың газ жабдығының техникалық жай-күйіне уақтылы бақылауды жүргізбеу және басқалар болып табылады.
 
Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және айыппұлдар түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
 

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді", - деді комитет.

 
 "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметінің негізгі түрі табиғи газды тарату, газ құбырлары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын, газ тарату пункттерін, қазандықтарды, газ құбырларындағы құрылыстарды пайдалану, газды тұтынушыларға өткізу, техникалық шарттар беру, халық үшін газ құбырларының жобаларын келісу болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны