16.07.2025, 13:51 68846

Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға теміржол көлігімен жөнелтілді

Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға теміржол көлігімен жөнелтілді, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.

15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Вьетнамға Қытай аумағы арқылы темір жол көлігімен экспортталды. Астық жүктері Хайфон портына (Вьетнам) Достық және Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жеткізілді.

Экспорт 2025 жылдың мамырынан шілдесіне дейін жүзеге асырылды. Ақмола облысының Азат, Ақкөл және Көкшетау станцияларынан барлығы сегіз құрам құрылып, жөнелтілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны