29.11.2023, 16:22 38561

Қазақстан биылғы астықтың 6 млн тоннасын экспорттайды

Биыл қазан айының соңындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 16 млн тоннаға жуық астық бастырылды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов астық экспортына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін Сенат комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін тілшілер вице-министрден биыл жиналған астықтың қай бөлігі экспортқа шығарылатынын сұрады.

Биыл 15,5 млн тонна астық жиналуы мүмкін екенін айтқан едік. Қазір әкімдіктердің мәліметі бойынша 16,5 млн тонна қамбаға түсті. Сондықтан осы астық көлемін ескере отырып, экспортқа 6 млн тонна шамасында өнім шығаруға мүмкіндік болады", - деді Азат Сұлтанов.


Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қазан айының соңындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 16 млн тоннаға жуық астық бастырылды.

Жуырда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл жиналған астық көлемі біршама аз болғандықтан, экспортқа шығарылатын астық көлемі азаятынын айтқан еді. "Яғни 5 млн тоннадан артық болмайды деп ойлаймыз", - деген еді ведомство басшысы.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны