04.06.2025, 18:22 97096

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 900 млн АҚШ долларына жетті

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 900 млн АҚШ долларына жетті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Душанбе қаласына барды. Онда Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчинмен екіжақты кездесу өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланып, үкіметаралық өзара іс-қимылды күшейту және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыруды үйлестіру қажеттігі атап өтілді.

2024 жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы $900 млн-ға жетті, биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артып, $200 млн-ға жуықтады.

Тараптар ынтымақтастықты жандандыруға және іскер топтар арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сондай-ақ кездесу соңында ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимыл келешегі, оның ішінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және екі ел халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бастамалар талқыланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны