21.09.2023, 18:00 120991

Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Екі ел арасындағы инвестициялық қатынастардың әлеуеті зор
Астанада Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Пәкістан Ислам Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесу өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, оның ішінде өзара сауданы жандандыруға және мүдделі компаниялар арасында тиімді қатынастарды орнатуға бағытталған нақты шараларды талқылады.

Министр атап өткендей, екі ел арасындағы инвестициялық қатынастардың әлеуеті зор. Қазақстан энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, мұнай-химия, цифрландыру және т. б. салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.

Өз кезегінде Бхатти мырза Ислам Республикасы белгіленген бағыттары бойынша, оның ішінде IT саласындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін хабарлады.

Сондай-ақ, тараптар төмен көміртекті саясатты іске асыру шеңберінде "жасыл" экономиканы дамыту мәселелерін талқылады. Науман Башир Бхатти 2023 жылға арналған Жасыл климат қорының (GFR) тең төрағасы болып табылады.

Қазақстан-Пәкістан

2022 жылы екіжақты тауар айналымы $73,2 млн. долларды құрады

Экспорт - $35,9 млн.

Импорт- $37,3 млн.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында екі мемлекет арасында $28,3 млн. сауда жасады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны