15.11.2021, 19:47 31347

Қазақстан мен Түркия өнеркәсіптік жабдықтарды өндіру саласында ынтымақтасатын болады

Қазақстан мен Түркия машина жасау саласында ынтымақтық орнатуға келісті.
Қазақстан мен Түркия өнеркәсіптік жабдықтарды өндіру саласында ынтымақтасатын болады
Сурет: invest.gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 15 ҚАРАША - Қазақстан мен Түркия машина жасау саласында ынтымақтық орнатуға келісті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Kazakh Invest" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Kazakh Invest" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазақстандық делегация Стамбулдағы "Win Eurasia" халықаралық көрме алаңында Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша машина жасау саласындағы түрік компанияларының басшыларымен бірқатар келіссөздер өткізді. Делегация құрамына Қазақстан машина жасау одағының (ҚМЖО) Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Нұрлан Ахметов, сондай-ақ "Maker", "Астана электротехникалық зауыты" ЖШС сияқты қазақстандық компаниялардың бірінші басшылары кірді.
 
Түрік бизнесімен кездесуде Мейрам Пішембаев Қазақстанның машина жасау саласының дамуы туралы айтып, Қазақстандағы машина жасау өнімдерінің өндірісі мен импорты көлемінің өсіп келе жатқан динамикасын атап өтті.
 

Машина жасау өнімі Қазақстан импортының жартысына жуығын алып отыр. Бұл өз өндірістерімізді дамыту қажеттілігін көрсетеді. Біз шетелдік инвесторларды Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға және біздің нарықты және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің нарығын бірлесіп игеруге шақырамыз", - деп толықтырды КМЖО басшысы. 

 
Сондай-ақ, кездесу қатысушыларын өнеркәсіптік кооперация перспективаларымен, мұнай-газ және тау-кен металлургия машина жасаудағы өзара тиімді ынтымақтастықпен таныстырды. 
 
Өз кезегінде қазақстандық делегация әріптестерін "Қазақстан машина жасаушыларының Х форумына" және "Kazakhstan Machinery Fair 2022" машина жасау және металл өңдеу жөніндегі халықаралық мамандандырылған көрмеге шақырды. 
 
Сапар аясында жаңа бастамаларды егжей-тегжейлі талқылау және ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысу үшін қазақстандық делегацияның Түркияның аса ірі зауыттарына бірқатар сапарлары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, "Dalgakiran Kompressor", "Turbosan", "Omega Motor", "EAE" сияқты өнеркәсіптік компрессорлық жабдықтарды, қозғалтқыштарды, моторларды және т. б. өндіру жөніндегі ірі зауыттардың басшылығымен келіссөздер жүргізілді.
 
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар түрік бизнесінің Қазақстанға жауапты сапары туралы келісті. 
 
Бұған дейін хабарланғандай, 11-12 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ыстамбұлға барып, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің VIII саммитіне қатысты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны