06.05.2025, 17:13 71631
Қазақстан мен Вьетнам тауар айналымын 2 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр
Достарға айту
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен келіссөз өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Президент Вьетнам делегациясына ілтипат білдіре отырып, бұл сапар екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ Вьетнамның 2040 жылға дейін әлемдегі ең ірі 25 экономиканың қатарына кіруді көздейтін стратегиялық мақсатын қолдап, Қазақстан тарапы осы өршіл міндетті орындау ісіне жан-жақты атсалысуға дайын екенін жеткізді.
Қазір Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Біз аз уақыт ішінде бірқатар ірі жобаны жүзеге асырдық. Алдағы уақытта да өзара тиімді байланыстарымызды кеңейтуге толық негіз бар. Сіздің осы тарихи сапарыңыз және соның аясында қол қойылатын құжаттар қазақ-вьетнам қатынастарын одан әрі күшейтуге тың серпін береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Келіссөз барысында өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту мәселесіне айрықша мән берілді.
➤ Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 860 миллион долларға жеткен.
➤ Тараптар таяу жылдары бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізуге ниетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам туризм саласындағы бірлескен жұмыстың перспективасы туралы пікір алмасты.
➤ Қазір Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим орнады, ал әуе қатынастарының саны 40-тан асты.
Мемлекет басшысы Вьетнам азаматтарының қызығушылығын тудыруы мүмкін Қазақстандағы туристік аймақтарды зерделеп көруді ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.06.2025, 18:56 13731
AQMOLA жаңа индустриялық аймағында жалпы құны 1,1 трлн теңгені құрайтын жеті жоба жүзеге асырылуда
Достарға айту
Ақмола облысында республикалық маңызы бар "AQMOLA" индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ауданы 1 мың гектарға жуық индустриялық аймақ елордаға жақын орналасқан. Бұл - жаңа зауыттар мен өндіріс ошақтарын ашуға қолайлы барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ. Қазіргі таңда мұнда жалпы көлемі 1,1 трлн теңгеден асатын инвестицияға ие жеті жоба жүзеге асырыла бастады. Инвесторлар географиясы Қытай, Түркия, Сингапур және Қазақстан елдерін қамтиды. Жобалар аясында 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты.
Облыс әкімі өз сөзінде жаңа индустриялық аймақ өңір экономикасының дамуына серпін беріп қана қоймай, елдің индустрияландыру мен инвестиция тарту жөніндегі ұлттық стратегиясында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған бұл республикалық индустриялық аймақта отандық және шетелдік жетекші компаниялардың өндірістері орналасады. Өндірістік қуаттардың шоғырлануы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу, логистика және басқа да салаларға мультипликативті әсер етіп, өңірдің дамуына тың серпін береді", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бұл жобаның еліміз үшін ерекше маңызға ие екенін айтты.
Бұл - еліміз үшін аса маңызды жоба. Оның аясында жаңа өндіріс ошақтары іске қосылып, халықты жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейеді. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, өнеркәсіпті өркендетуге айрықша назар аударып отыр. Осы бағытта жер телімдерімен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылым тарту секілді қолдау шаралары жүйелі түрде іске асырылуда. Тек биылдың өзінде республика бойынша 180-ге жуық индустриялық жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі - бүгін іргетасына капсула салынған "AQMOLA" индустриялық аймағы. Оның елордаға жақын орналасуы - айқын артықшылық. Бұл жоба елорда мен еліміздің дамуына елеулі үлес қосады деп сенемін", - деді министр.
Айта кету керек, іске асырыла бастаған жобалардың бірі - бидайды терең өңдейтін өндірістік кешен. Жобаны жүзеге асырушы - қытайлық Dalian Hesheng Holdings компаниясы. Жоба үш кезеңмен 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде натрий глутаматы, глютен ұнтағы және қосалқы өнімдер өндірісі іске қосылады. Қазіргі таңда инвестор бизнес-жоспар әзірлеп, қажетті құжаттарды дайындау жұмыстарын бастады.
Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіптің жаңа бағытын қалыптастыратын жобаны жүзеге асыру - біздің компания үшін үлкен мәртебе. Бұл - өз саласындағы ең озық жобалардың бірі. Біз бұл жобаға 900 миллиард теңге инвестиция құйып отырмыз. Жақын арада кәсіпорында мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Өнімнің бағасы мен сапасын арттыру үшін біз биоферментация мен биоинженерия салаларындағы соңғы технологияларды қолданамыз. Өнім Қытай, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа нарықтарында үлкен сұранысқа ие болады", - деді Dalian Hesheng Holdings компаниясы филиалының директоры Яо Сунь.
Жоспарланған жобалар қатарында - клинкер өнімін шығаратын зауыттың құрылысы да бар. Бұл жобаны отандық инвестор - "Terracottas" Astana Ceramic ЖШС 2027 жылдың соңына дейін жүзеге асырады. Ал агрохимиялық тыңайтқыштар мен пестицидтер шығаратын агрохимиялық кешен салуды түркиялық "YDA Group" компаниясы жоспарлап отыр. Сұйытылған табиғи газ өндіретін зауытты "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ салатын болады. Жаңа технология газды 600 есеге дейін сығуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Atasu Group компаниясының көлік-логистикалық орталығы, "Remsintez RK" ЖШС-нің ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын зауыты да бой көтереді.
Қытайлық Eagle Architecture Technology Co., Ltd. компаниясы битумдық шатыр гидрооқшаулағыш материалдары, автоклавты газобетон блоктары, поливинилхлорид, алюминий фасадтары, витраждар, терезе және есік құрылғыларын шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Ақмола облысында Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданында да өңірлік индустриялық аймақтар құрылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 10:04 19956
Шығыс Қазақстан мен Тверь облысы ПХЭФ-2025 меморандумына қол қойды
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған ШҚО делегациясы XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Ресей Федерациясының Тверь облысының бизнес-құрылымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздерге Тверь облысы тарапынан "Завидово Форест" ЖШҚ, "Парма" ЖШҚ, "ЭКИПЦЕНТР" ЖШҚ сынды кәсіпорындар қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы делегациясының құрамында облыстық туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов, цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Қайрат Бимагамбетов, сондай-ақ Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлбеков болды.
Сапар барысында делегация "Экспофорум" конгресс-көрме орталығында да болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2025, 14:37 33096
Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,4 пайызға өсті
Достарға айту
2025 жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,4%-ға өсті, тау-кен өнеркәсібінде 7,8%-ға және өңдеу өнеркәсібінде 6%-ға артты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалады: қара металургияда (+3,4%), машина жасауда (+10,5%), тамақ өнімдерін шығаруда (+10,5%), мұнай өңдеуде (+11,3%), химия өнеркәсібінде (+9,9%), құрылыс материалдарын өндіруде (+10,3%), резеңке және пластмасса бұйымдарында (+4,8%), дайын металл бұйымдарында, машиналар мен жабдықтардан басқа (+17,5%), жеңіл өнеркәсіпте (+2,7%) және жиһаз өндірісінде (+6,8%).
Машина жасау саласы 10,5% деңгейінде өсім көрсетуде, оның ішінде басқа көлік құралдарын шығару (+6,9%), ауыл шаруашылығы техникасы (+2,1%), электр жабдықтары (+28,8%), компьютерлерді, электрондық және оптикалық жабдықтарды шығару (1,8 есе), машиналарды жөндеу және орнату (+18,8%) салаларының өсуі байқалады. Ауыл және орман шаруашылығы тракторларының өндірісі (+53%), астық оратын комбайндар (+129,7%), жатқыштар (+66,7%), мұнай-газ жабдықтары (+30,6%), жеңіл автокөліктер (+1,4%), автобустар (+3,8%), арнайы техника (+65,1%), локомотивтер (+3,4%), жүк вагондары (+242,6%) өндірісі артты.
Қара металлургияда 5 ай ішінде өндіріс көлемі 3,4%-ға өсіп, ферроқоспалардың өндірісі (+3,8%), шойын (+12,8%), болат (+5,9%) және жазық прокат (+11,9%) өсті.
Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемі 2,7%-ға өсіп, киім өндірісі (+7%) артса, тоқыма бұйымдары (-2,7%) төмендеді. Теріден және оған қатысты өнімдер өндірісінде (-13,4%) қысқарту байқалды.
Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 9,9%-ға өсіп, полипропилен өндірісі (+65,8%), металлургиялық хром оксиді (+4%), аммофос (+92,2%), күкірт қышқылы (+3,5,2%) және жуғыш заттар (+6,2%) өндірісі артты.
Құрылыс материалдарын өндіру 10,3%-ға өсті, бұл отқа төзімді өнімдер (+1,2%), цемент (+13,2%), сілті (+8,1%), құрылысқа арналған бетон бұйымдары (+17,8%), бетон конструкциялары, дайын бетон, құрылыс ерітінділері (+15%), ескерткіштер, безендіру және құрылысқа арналған өңделген тас (+30,8%) және цемент, бетон немесе жасанды тас плиткалары, кірпіштер және ұқсас өнімдер (+12,3%) өндірісінің өсуімен байланысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2025, 13:39 33896
Қазақстанда электромобиль шығару жоспары талқыланды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов малайзиялық Proton Holdings Berhad компаниясының бас директоры Чунронг Лимен кездесу өткізді. Онда автомобиль өнеркәсібіндегі ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде Қазақстанда жаңа өндіріс орнын ашу перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тараптар Proton Holdings компаниясының Қазақстанда электромобильдер шығару жоспарын талқылады. Компания - Малайзия нарығында машина жасау саласындағы көшбасшы. Proton автокөліктері, оның ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар үлгілер де, электромобилдер де 26-дан астам елге экспортталады. Сонымен қатар өндірушінің трансмиссиялар мен автокөліктерді әзірлеу, жобалау және инженерлік зерттеу орталығы бар.
Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті заманауи технологияларды енгізу арқылы өндірістерді локализациялау және жаңа жұмыс орындарын ашу, машина жасау саласын дамыту міндетін қойғанын атап өтті. Инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу Қазақстан экономикасын әртараптандыру және орнықты өсуі үшін маңызды мәнге ие. Осы жылдың бірінші тоқсанында аталған салаға 55 млрд теңге инвестиция тартылды. 2024 жылы инвестиция көлемі 2 есеге - 282 млрд теңгеге жетті.
Жиында Үкіметтің жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екені айтылды. Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың келешегі зор.
Proton Holdings бас директоры Чунронг Ли инвесторлар үшін жасалған жағдайдың тартымдылығына байланысты Қазақстан нарығына шығуға қызығушылық танытты.
Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асыру үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті Жол картасын әзірлеу тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2025, 17:23 46036
2024 жылы республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады
Достарға айту
2024 жылы республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен.
Мәжіліс Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады.
Есептерге сәйкес, былтыр Қазақстан экономикасы шикізаттық емес секторды дамыту есебінен 4,8 пайызға өсті. Атап айтқанда: экономиканың базалық салаларындағы өндіріс көлемі артты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,8 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 13,7 пайызға, құрылыс жұмыстары 13,1 пайызға, сауда 9,1 пайызға өсті.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7,5 пайызға көбейді. Құны 2,7 трлн теңгені құрайтын 248 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Елдің халықаралық резервтері 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 104,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2024 жылдың басымен салыстырғанда 9,1 пайызға өсті.
2024 жылға арналған республикалық бюджет кірістері 19,6 трлн теңгені немесе болжамды мәннің 97,2 пайызын құрады. Оның ішінде көп бөлігі, яғни, 12,3 трлн теңге - салық түсімдері. 23,6 трлн теңге немесе жылдық жоспардың 97,8 пайызы игерілді. Игерілмеген 526 млрд теңгенің 92 млрд теңгесі республикалық бюджет бағдарламаларына тиесілі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 3,7 триллион теңге бойынша республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені немесе ішкі жалпы өнімнің 2,7 пайызын құрады. Бюджет тапшылығының 98,4 пайызы қарыз алу есебінен жабылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2025, 17:18 46276
Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Достарға айту
2025 жылдың 18 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарына және ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) (https://t.me/pnhzkz) жоспарлы алдын алу жұмыстары (ЖАЖ) бойынша іс-шаралар басталды, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен.
Жоспарлы алдын алу жұмыстары аясында қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа (110 бірліктен астам), сондай-ақ технологиялық құбырларына (930 бірліктен астам - 141 843 бойлық метр) міндетті техникалық куәландыру және сараптама жүргізу жоспарланған. 1100-ден аса адам және 107 арнайы техника жұмылдырылады.
Бұған қоса мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін тиеу ҚР Энергетика министрлігімен келісілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарлы алдын алу жұмыстары басталғандағы зауыт резервуарларында жинақталған мұнай өнімдерінің қоры:
- автокөлік бензині - 35 мың тонна;
- дизель отыны - 45 мың тонна;
- авиаотын - 14 мың тоннаны құрады.
Сонымен қатар ҚМГ-ның басқа мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің өндірісін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл шаралар ең алдымен экономикалық сектордағы әлеуметтік маңызы бар салалардың қажеттіліктерін жабуға және ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоспарлы алдын алу жұмыстары 2025 жылдың 17 шілдесіне дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2025, 16:04 47276
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері 1 маусымдағы жағдаймен 143 мың теңгені құрады
Достарға айту
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 745,9 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге - 564,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге - 1 трлн 181,2 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 481 мың адам.
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 814 теңге, базалық зейнетақы - 47 688 теңге.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары - 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2025, 17:57 58746
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу зауыты салынады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтаомен кездесу өткізді. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бірлескен инвестициялық жобаларды, оның ішінде құрғақ (кептірілген) көкөністер өндіретін зауыт салу бойынша жобаларды іске асыруға көңіл бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Qingdao Wanlin Food компаниясының Түркістан облысында индустриалды парк салу жөніндегі жоспарлары қаралды. Жоба жалпы ауданы 70 гектар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу нысандарды кезең-кезеңімен іске қосудың және өнеркәсіп инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үш кезеңін қамтиды. Бұл құрғақ көкөністер, мал азықтық дақылдар өндіретін зауыттарды іске қосу, сондай-ақ қытай бизнесі тарапынан кемінде 15 серіктес тарта отырып, өнеркәсіптік парк салу.
Өндірістік қуаты жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс өндіретін зауытын салу жұмыстары басталды. Инвестор инвестиция сомасын $30 млн-нан $90 млн-ға дейін арттырды, 300 жұмыс орнын ашу күтілуде. Компания бірінші кезеңде "Түркістан" ӘКК өнеркәсіп паркіндегі дайын өндіріс нысандарын жалға алды. Жақын арада жабдықты монтаждау жоспарлануда, бірінші кезеңді пайдалануға беру осы жылдың шілдесінде күтіліп отыр. Жобаны дамыту стратегиясы еліміздің Жетісу және солтүстік өңірлерінде сәбіз және сарымсақ өңдеу бойынша қосымша зауыттар сала отырып, өндірісті кеңейтуді қамтиды. Өндіруші дайын өнімді Қазақстанда сатуға, сондай-ақ АҚШ пен ЕО нарығына экспорттауға ниетті.
Қазақстанда экономиканың негізгі салаларының бірі ретінде ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз шаруаларды қолдау шараларын едәуір арттырдық. Өткен жылы елімізде 4,5 мың тоннаға жуық көкөністен жоғары өнім алынды. Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру аясында биыл бақша дақылдарының егіс алқабы кеңейтіліп, 222 мың гектарға дейін жеткізілді.
Біз Wanlin Group-пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша, оның ішінде еліміздің аграрлық өңірлерінде жаңа өндірістерді орналастыруды қамтитын ұзақмерзімді стратегиялық әріптестікке мүдделіміз. Қазақстан бірлескен Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталықтарын құру, агротехнопарктерге инвестиция салу, экспортқа бағдарланған логистикалық хабтарды дамыту арқылы кооперацияны кеңейтуге ашық", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Салалық министрліктер мен Түркістан облысының әкімдігіне екі апта мерзімде Инвестициялар туралы келісім жобасын дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Өз кезегінде Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтао Қазақстан ауыл шаруашылығының айтарлықтай әлеуетіне тоқталып, АӨК өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар келешегі зор барлық бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.
Анықтама: Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. - Қытайдың ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы жетекші компанияларының бірі. Азық-түлік қызметі құрғақ көкөністерді (сарымсақ, ақ пияз және т.б.) зерттеуге, әзірлеуге, өндіруге және экспорттауға бағытталған. Қызметкерлер саны 1 мың адамнан асады, негізгі құралдардың көлемі $90 млн-нан асады. өнімдер Америка Құрама Штаттары мен Еуропа елдеріне экспортталады. Жылдық сату көлемі -10 мың тоннадан астам құрғақ көкөніс. Компания Nestle, Unilever, Kerry және басқа да ірі серіктестермен ынтымақтастық орнатқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2025, 14:53Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды 19.06.2025, 14:54 73891Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды16.06.2025, 10:46 69516Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі болып тағайындалды17.06.2025, 10:35 64946Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды17.06.2025, 10:29 64511Қазақстан мен Қытай сейсмикалық қауіпсіздік орталығын құрады
23.05.2025, 16:58 175341ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды02.06.2025, 17:03 138916Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі05.06.2025, 17:53 133166Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті05.06.2025, 17:14 133011Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты03.06.2025, 14:47 132901Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды