01.12.2023, 13:20 48281

Қазақстанда қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10,3 пайызды құрады

Баға азық-түлік тауарларға бір жылда 9,2% өскен
Қазақстанда қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10,3 пайызды құрады
Сурет: stat.gov.kz
2023 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция бір жылда 10,3% (2023 жылғы қазанда - 10,8%), бір айда - 1% (өткен айда - 0,7%) құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросынан.

Баға азық-түлік тауарларға бір жылда - 9,2% (2023 жылғы қазанда - 10,4%), азық-түлік емес тауарларға - 9,9% (2023 жылғы қазанда - 11,1%), ақылы қызметтерге 12% (2023 жылғы қазанда - 11%) өсті", деп айтылған хабарламады.


Өткен жылғы қарашамен салыстырғанда бағаның өсуі күрішке - 37,3%, минералды және ауыз суға - 19,8%, консервіленген сүтке - 18,4%, пастерленген сүтке - 15%, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге - 14,4%, майлылығы 2,5% айранға - 14,3%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге - 13,6%, сары майға - 13,2%, жұмыртқаға 11,6% тіркелді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына - 20,9%, құмшекерге - 16,9%, күнбағыс майына 16,4% байқалды.

Баға деңгейі жиһаз және үйге қажетті заттарға - 15,1%, жеке қолданылатын тауарларға - 14,1%, ыдысқа - 12,6%, киім және аяқ киімге - 11,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 9,4%, құрылыс материалдарына 8% өсті. Дизель отыны - 17,5%, бензин - 13,6%, сұйытылған газ баллондағы 12,9% қымбаттады.

Баға санаторийлер қызметтеріне - 15,5%, денсаулық сақтау қызметтеріне - 13%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне - 12,7%, кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне - 12,2%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге - 12,1%, білім беру қызметтеріне - 9,7%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 8,6% жоғарылады. Жолаушылар әуе көлігі қызметтері - 27,5%, теміржол көлігі қызметтері 8% қымбаттады.

Тарифтер қоқыс шығаруға - 36,3%, су бұруға - 29,1%, орталықтан жылытуға - 25,6%, суық суға - 22,3%, ыстық суға - 20,2%, электр энергиясына - 16,7%, тұрғын үйді күтіп ұстауға 8,1% өсті.

Өңірлер бөлінісінде 2023 жылғы қарашада жылдық мәнде орташа республикалық деңгейден асатын он екі өңірлерде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғары Қарағандыда (11,6%), Ақмола және Ұлытау облысында (11,2%-дан).

Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлес қосқан азық-түлік және алкогольсіз сусындар (3,6 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,9 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1,1 пайыздық тармақ).

Өткен жылда баға нан өнімдері мен жармаларға - 11,8%, ет және ет өнімдеріне 7,3% жоғарылады және инфляцияға тиісінше 0,8 және 0,9 пайыздық тармақ негізгі үлес қосты. Жылдық инфляцияға алкоголсіз сусындар 12,6% қымбаттауы және 0,3 пайыздық тармақ, сүт өнімдері (12,4%) - 0,5 пайыздық тармақ, жемістер мен көкөністер (10,7%) - 0,6 пайыздық тармақ үлес қосты.

ТКШ қызметтері бір жылда 13,2% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,9 пайыздық тармақты құрады. 2023 жылғы қарашада орталықтан жылыту өткен жылғы қарашамен салыстырғанда 25,6% жоғары болды және жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақ, электрэнергия (16,7%) - 0,4 пайыздық тармақ, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер (9,1%) - 0,2 пайыздық тармақ үлес қосты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны