19.09.2022, 16:05 13836

Қазақстанда көмірді автокөлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізілді

Қазақстанда көмірді автокөлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізілді
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 19 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмірді автокөлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салу туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығы шықты.
 

Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр", - деп түсіндірді ведомствода.

 
Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау.
 
ИИДМ-де ағымдағы жылғы көмір бағасы туралы айтылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны