06.09.2022, 15:35 8176

ИИДМ ағымдағы жылы көмір бағасы туралы айтты

ИИДМ ағымдағы жылы көмір бағасы туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚЫРКҮЙЕК - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биыл көмір қаншаға сатылып жатқанын айтты.
 
Министрдің айтуынша, биыл разрездер бағаны былтырғы деңгейде ұстап тұр.
 

Мысалы Шұбаркөл разрезі былтырғы бағаны төмендетті. Былтыр 6 264 теңге болса, биыл 6 160 теңгеден сатып жатыр. Қалғандары тұрақты былтырғы бағамен ұстап тұр. Қазақстан темір жолымен де келістік. Олар да тарифті өсірмейтін болды. Ең төмен баға Солтүстік Қазақстан облысында бір тоннасына 14,5 мың теңге болса, Батыс Қазақстанда 21 600 теңгеге дейін жеткен. Ақмола облысында Атбасарда "Қаражыра" көмірі 14,5 мың теңге, "Шұбаркөл" көмірі 15 мың теңге, Степногорскте "Шұбаркөл" көмірі 22 мың теңге, ал ең шалғай ауылда 25 мың теңгеге дейін барады", - деді Өскенбаев Үкімет отырысында.

 
Айтуынша, қазір ауылдарға көмірді қолжетімді бағамен жеткізу үшін әкімдіктермен және жүк тасу компанияларымен жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022-2023 жылдарға коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен халық үшін көмірдің қажеттілік жоспары әзірленді.
 
Осы жоспарға сәйкес тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,6 млн тонна, тұрғындарға – 7 млн тонна. 3 қыркүйектегі жағдай бойынша, қажеттіліктің жылдық жоспарына қатысты (2022 жылғы 1 мамырдан 2023 жылғы сәуірге дейін) коммуналдық-тұрмыстық сектор – 49,9%, тұрғындар – 30,9% көмір қорымен қамтамасыз етілді.
 

Разрездерде көмір толық мөлшерде бар, көмірді өндіру жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр, разрездердегі көмірдің бағасы өткен жылғы деңгейде қалуда", - деді Өскенбаев.


Бұған дейін Смайылов көмірмен дүрлікпе жағдайына жол бермеуді тапсырған болатын.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны