21.01.2022, 19:09 27346

Қазақстанда кәсіпкерлерден келтірілген залалды өтеуге өтінімдер қабылдана бастады

Залалды өтеу туралы өтініш ЭЦҚ көмегімен https://infokazakhstan.kz сайты арқылы беріледі.
Қазақстанда кәсіпкерлерден келтірілген залалды өтеуге өтінімдер қабылдана бастады
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚАҢТАР - "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеуге электрондық өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл шара Үкімет бекіткен 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу механизміне сәйкес іске асырылады. Залалды өтеу туралы өтініш ЭЦҚ көмегімен https://infokazakhstan.kz сайты арқылы беріледі. 
 

Механизмге сәйкес залалды өтеу туралы өтініштерді өңірлік комиссиялар күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды. Өтініш мақұлданған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады", - деп түсіндірді "Атамекен" ҰКП-да.

 
Қаржы Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімдеріне сәйкес мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына тиісті шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өтініш берушіге аударылады деп болжанады.
 
Залалды өтеуге өтініш берер алдында https://infokazakhstan.kz/faq/documents/ сілтеме бойынша нұсқаулықпен танысуды сұрайды, сондай-ақ қажетті құжаттардың толықтығына көз жеткізу керек. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда өңірлік комиссия мүліктік залалды өтеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда погромнан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері коммуналдық төлемдерден үш айға босатылады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда келтірілген шығынның жалпы сомасы 112 млрд теңгені құрады, бизнес субъектілері - 67 млрд, оның ішінде 42 млрд шағын және орта бизнеске тиесілі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны