Система Orphus

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері көтеріледі

15.07.2022, 16:56 26621
Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері көтеріледі
НҰР-СҰЛТАН. 15 ШІЛДЕ - Коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеруге мораторий аяқталды, екінші жартыжылдықта тарифтердің биылғы инфляция дәлізі шегінде өзгеруі күтілуде, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Т. Жақсылықовтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Министрлік халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгізген болатын.
 

Осыған байланысты 100-ден астам табиғи монополия субъектісінің тарифтері түзетілді, бұл халыққа 3,2 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мораторий аяқталды. ІІ жартыжылдықта тарифтердің биылғы инфляция дәлізі шегінде өзгеруі күтілуде", - деді вице-министр.

 
Оның айтуынша, тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілері мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету, сондай-ақ, коммуналдық қызметтер тарифтерінің күрт өсуіне жол бермеу мақсатында келесі шаралар қабылданатын болады:
 
  • қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
  • тұрғын үй көмегі тетіктерін дамыту;
  • әр аймаққа әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, жеке әдіс көздеу.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны