02.05.2025, 15:39 91966

Қазақстанда сәуірде жылдық инфляция 10,7 пайызға дейін жеделдеді

Қазақстанда сәуірде жылдық инфляция 10,7 пайызға дейін жеделдеді
2025 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының айлық индексі 1,2% құрады (2025 жылғы наурызда - 1,3%). Ақылы қызметтердің бағасы - 1,9%, азық-түлік тауарлары- 1,1%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.

Тарифтер тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында қоқыс шығаруға 4,5% өсті. Монша қызметтері - 5%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері - 2,6%, қоғамдық тамақтану қызметтері 2% қымбаттады. Бағалар интернет-байланыс және кинотеатрлар қызметтеріне - 4%-дан, санаторий қызметтеріне - 3,8%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттері қызметтеріне - 2,5%, стоматологиялық қызметтерге 2,1% өсті.

Азық-түлік тауарларынан баға қырыққабатқа - 20,2%, қызылшаға - 11,7%, басты пиязға - 11,5%, сәбізге - 9,2%, картопқа, лимонға - 7,1%-дан, зәйтүн майына - 6,6%, жүзімге - 6,5%, тәтті бұрышқа - 5,9%, тұздалған майшабаққа - 4%, қой етіне - 3,3%, сиыр етіне, қантқа 2,2%-дан өсті. Баға қиярға - 14,3%, қызанаққа - 5%, сұлы жармасына - 4,3%, апельсинге - 2%, күрішке - 0,4%, жұмыртқаға 0,3% төмендеді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында бағаның алтын неке сақинасына - 2,3%, киім мен аяқ киімге - 1%, дәрі-дәрмектерге 0,5% өсуі байқалды. Дизель отыны 1,1% қымбаттады.

Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Түркістан облысында және Алматы, Шымкент қалаларында - 1,5% (орташа республикалық деңгейден 0,3 п.т. жоғары), ең төмені Ақмола облысында 0,7% тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде бәрінен бұрын бағалар азық-түлік тауарларына Солтүстік Қазақстан облысында 1,9%, азық-түлік емес тауарларға - Қызылорда облысында 1,1%, ақылы қызметтерге - Түркістан облысында 3,7% өсті.

2025 жылғы сәуірде жылдық мәнде инфляция деңгейі 10,7% құрады. Бағалар ақылы қызметтерге - 15,7%, азық-түлік емес тауарларға - 8,9%, азық-түлік тауарларына 8,5% жоғарылады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары - барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

*2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 40,0%, азық-түлік емес тауарлар - 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны